Оқиға

Полицей Пермь университетінде оқ атқан адамның қаруын қалай тартып алғанын айтты

© RTКонстантин Калинкин
Константин Калинкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2021
Жазылу
Мен оған "қаруды таста" деп айқайладым. Сол кезде ол мылтығын маған кезеп, оқ атты. Мен де қару қолдандым, дейді Константин Калинин

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Пермь университетінде оқ жаудырған азаматты арнайы қызмет те, снайпер де емес, қатардағы полиция қызметкері қарусыздандырды.

Сол уақытта кіші лейтентант Константин Калинин жол көлік апатының хаттамасын толтырып жатқан.

"Кабинетке куәгерлердің бірі кіріп келіп, университетте атыс болып жатқанын айтты. Әріптесіміз екеуіміз сол жаққа бет алдық", - дейді ол.

Олар университеттен адамдардың қашып шығып жатқанын көрген. Ал ғимараттан атыстың дауысы естіліп жатты.

Калининнің әріптесі адамдардың эвакуациясын ұйымдастыруға кірісті. Ал кіші лейтенанттың өзі ғимаратқа кірді, сол кезде атыс шығарған адамның баспалдақпен түсіп келе жатқанын көрді.

"Мен оған "қаруды таста" деп айқайладым. Сол кезде ол мылтығын маған кезеп, оқ атты. Мен де қару қолдандым. Ол жерге құлап түсті. Оған қарай жүгіріп бардым да, қолын артқа қайырып, мылтық мен пышағын тартып алдым. Сосын алғашқы медициналық көмек көрсете бастадым", - дейді ол.

Пермь университетіндегі атыс

Ресейдегі Пермь мемлекеттік университетінің кампусында 20 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 11-де қарулы студент мылтықтан оқ жаудырды. Алдын ала мәлімет бойынша, сегіз адам қайтыс болды.

Университеттегі адамдардың бір бөлігі өз бетінше эвакуацияланды. Адамдардың терезеден секіріп жатқан фото мен видеолар әлеуметтік желіде жарияланып жатыр.

Ал университет сайтында дереу хабарлама пайда болды, ол жерде студенттерді аудитория есігін ішінен жауып отыруға шақырған.

Кейін университеттің баспасөз қызметі белгісіз адамның ұсталғанын хабарлады. Университетте барлық сабақ тоқтатылды.

Бірінші курс студенті шабуыл жасағаны белгілі болды. Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко тергеу ол туралы материалдар жинап жатқанын, оқиғаның барлық мән-жайы анықталатынын айтты.

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі 24 науқасқа медициналық көмек көрсетілгенін, олардың 19-ында оқ жарақаты болғанын айтты. Біреуі ауыр жағдайда, алтауы орташа ауыр жағдайда жатыр.

Мәскеуден Пермьге медициналық жабдықтары бар ұшақ және анестезиолог-реаниматологтар, хирургтар мен травматологтар тобы жіберілді.

Қылмыскердің өзі ұстау кезінде қарсылық көрсетіп, жарақат алды. БАҚ-та оның қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, бірақ ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0