Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда үйлерге қашан жылу беріле бастайды

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиБатарея
Батарея - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Тұтынушылардың өтініші бойынша әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда медициналық мекемелер, білім беру нысандары, балабақшалар жылытуға қосыла бастады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Олардың айтуынша, әлеуметтік нысандардың дайындығы 100%-ті құрайды.

"Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің басшылығымен әкімдікте жылыту маусымы бойынша кеңес өтті. Қалада жылу беру маусымы орташа тәуліктік температура +10 градус (және одан төмен) 5 күн бойы сақталған кезде толығымен басталады. Дегенмен, тұтынушылардың өтініші бойынша жылу беруге қаланың әлеуметтік нысандары қосыла бастады", - делінген хабарламада.

Бұдан басқа жаңа нысандарды жылытуға қосу көздері анықталды, қуаттарды тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ елді мекендерді газдандыру, жылу электр орталықтарын жаңғырту, ЖЭО су жылыту қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстары жалғасуда.

Жеке сектор тұрғындары үшін қаланың барлық ауданында көмір сататын компаниялар анықталды.

"Дүрлігуге және алыпсатарлыққа жол бермеу үшін қоймаларда жеткілікті көлемде отын бар", - дейді әкімдіктегілер.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0