Қоғам

Мемлекеттік қызметте жаңа лауазымдық орын пайда болады

© Sputnik / Владимир Федоренко / Фотобанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Жарлықтың жобасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми сайтында, сондай-ақ "Ашық нормативтік құқықтық актілер" порталында жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда саяси және әкімшілік қызметшілер тізіміне жаңа лауазымды енгізу ұсынылып отыр. Ол цифрлық қауіпсіздік мәселесіне жауап береді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 жарлығына толықтыру енгізу туралы жобаны әзірледі. Оған сәйкес, саяси және әкімшілік қызметшілерінің В, С және D санаттары бойынша "дата-стюард" лауазымын енгізу жоспарланған.

"Қазақстан Республикасы парламенті депутатының көмекшісі" деген жолдан кейін "дата-стюард" мазмұндағы жолмен толықтырылсын", - делінген құжатта.

Бұдан бөлек, сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі, сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, сыртқы істер министрлігінің және шет елдердегі мекемелердің екінші хатшысы, бас консулдықтың консулы, сондай-ақ мемлекеттік органдардағы бас мамандар дата-стюард қызметін атқарады.

Жарлықтың жобасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми сайтында www.mdai.gov.kz, сондай-ақ "Ашық нормативтік құқықтық актілер (НҚА)" порталында жарияланды.

Құжатты талқылау 4 қазанға дейін жалғасады.

Оқи отырыңыз:

 

Жаңалықтар
0