Өңірлер

Қапшағай маңындағы жарылыс видеоға түсіп қалды - мамандар түсініктеме берді

© Sputnik / Серикжан КовланбаевОзеро Капшагай
Озеро Капшагай - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2021
Жазылу
Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің мамандары алаңдауға негіз жоқ екенін, бұл кен орнындағы жоспарлы жарылыс екені хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек — Sputnik. Әлеуметтік желіде Қапшағай маңындағы жарылыстың видеосы жарияланды. Тұрғындар түсірген видеодан аспанға көтерілген қою түтінді көруге болады.

Желі қолданушылары алаңдаушылық тудырып, бұл ауданда әскери бөлімдер бар екенін жарыса жазды. Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті бұл қиыршық тас өңделетін кен орнында жүргізілген жоспарлы жарылыс екенін хабарлады.

"Бұл қиыршық тас өңделетін карьер аумағындағы жоспарлы жарылыс. Зардап шеккендер жоқ", - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Азамат Жұртбаев Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Оның айтуынша, кен орны Қапшағай қаласының маңында орналасқан. Жоспарлы жарылыс жүргізілетіні жергілікті тұрғындарға алдын ала хабарланады.

Еске сала кетсек, 26 тамыз кешке Жамбыл облысындағы әскери бөлімнің қоймаларының бірінде өрт шығып, артынан оқ-дәрілер жарыла бастады. Кем дегенде 10 жарылыс болған. Салдарынан 17 адам қаза тапты. 

Жақын маңдағы ауылдардың 1 200-ге жуық тұрғыны Таразға көшірілді. Оқиғадан кейін қорғаныс министрі болған Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті, оның орнына Мұрат Бектанов тағайындалды. Қайғылы оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0