Мұны фантастика ақиқатқа айналған жағдай десе де болады. Бейжіңдегі робототехника конференциясына бүкіл әлемнен үш жүзге жуық сарапшы қатысты. Шара кезінде ұсынылған роботтар жаға ұстатты.
Мысалы, ғалым Альберт Эйнштейн бейнесі бойынша дайындалған робот нағыз сенсацияға айналды. Данышпанның "тіріліп кеткен" егізі жылы жүзді және сүйкімді болып көрінді. Ол көрермендердің сұрақтарына жауап беріп, көз қысып, күліп, қалжыңдады және би билеп те берді.
UBTech компаниясы ұсынған киберпанда да конференциядағы ерекше экспонат болды. Ол өзінің түрлі қылығы және әрекетімен ересектердің ғана емес, балалардың да көңілінен шықты.
Ал робот-акулаға әскерилер назар аударды. Бейжіңдегі Boya Gongdao Robot Technology компаниясы ұсынған Robo-Shark дроны су астындағы ерекше тапсырмаларды орындауға арналған. Кибернетикалық балықтың ұзындығы екі метрден асады және ол сағатына 18 километр жылдамдықпен жүзе алады.
Бейжіңде өткен Дүниежүзілік робототехника конференциясындағы басқа да ғажайып экспонаттар туралы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.