Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Киберакула мен робот-иттер: Бейжіңде робототехника конференциясы өтті – фото

Жазылу
Қытайда дүниежүзілік робототехника конференциясында болашақтың технологиялары көпшілік назарына ұсынылды. Көптеген кибержаңалық нағыз сенсация жасады

Мұны фантастика ақиқатқа айналған жағдай десе де болады. Бейжіңдегі робототехника конференциясына бүкіл әлемнен үш жүзге жуық сарапшы қатысты. Шара кезінде ұсынылған роботтар жаға ұстатты.

Мысалы, ғалым Альберт Эйнштейн бейнесі бойынша дайындалған робот нағыз сенсацияға айналды. Данышпанның "тіріліп кеткен" егізі жылы жүзді және сүйкімді болып көрінді. Ол көрермендердің сұрақтарына жауап беріп, көз қысып, күліп, қалжыңдады және би билеп те берді.

UBTech компаниясы ұсынған киберпанда да конференциядағы ерекше экспонат болды. Ол өзінің түрлі қылығы және әрекетімен ересектердің ғана емес, балалардың да көңілінен шықты.

Ал робот-акулаға әскерилер назар аударды. Бейжіңдегі Boya Gongdao Robot Technology компаниясы ұсынған Robo-Shark дроны су астындағы ерекше тапсырмаларды орындауға арналған. Кибернетикалық балықтың ұзындығы екі метрден асады және ол сағатына 18 километр жылдамдықпен жүзе алады.

Бейжіңде өткен Дүниежүзілік робототехника конференциясындағы басқа да ғажайып экспонаттар туралы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.

© REUTERS / Tingshu WangEXRobots компаниясы ғалым Альберт Эйнштейн бейнесі бойынша дайындаған робот-гуманоид. Данышпан физиктің механикаландырылған егізі қытай тілінде сөйлеп, қалжыңдайды, тіпті билейді.
 Робот-гуманоид по образу Альберта Эйнштейна, разработанный EXRobots, на Пекинской всемирной конференции робототехники - Sputnik Қазақстан
1/14
EXRobots компаниясы ғалым Альберт Эйнштейн бейнесі бойынша дайындаған робот-гуманоид. Данышпан физиктің механикаландырылған егізі қытай тілінде сөйлеп, қалжыңдайды, тіпті билейді.
© AP Photo / Mark SchiefelbeinКөрме жыл сайын өтеді және Қытайдың робототехника саласындағы соңғы жетістіктерін паш етеді. UBTech компаниясы ұсынған киберпанда да конференциядағы ерекше экспонат болды. Ол өзінің түрлі қылығы және әрекетімен ересектердің ғана емес, балалардың да көңілінен шықты. Қазір бүкіл БАҚ пен пабликтер панданы қызу талқылап жатыр.
Посетители и роботы Всемирной конференции робототехники Beijing World Robot Conference 2021 в Пекине, Китай - Sputnik Қазақстан
2/14
Көрме жыл сайын өтеді және Қытайдың робототехника саласындағы соңғы жетістіктерін паш етеді. UBTech компаниясы ұсынған киберпанда да конференциядағы ерекше экспонат болды. Ол өзінің түрлі қылығы және әрекетімен ересектердің ғана емес, балалардың да көңілінен шықты. Қазір бүкіл БАҚ пен пабликтер панданы қызу талқылап жатыр.
© REUTERS / Tingshu WangКөрмеде адамға қатты ұқсас роботтар да болды. Бұл соның бірі. Фантаст жазушылар болашақ жайлы жазғанда дәл осындай роботтарды сипаттаған.
Сотрудник проверяет робота, представленного на Пекинской всемирной конференции робототехники - Sputnik Қазақстан
3/14
Көрмеде адамға қатты ұқсас роботтар да болды. Бұл соның бірі. Фантаст жазушылар болашақ жайлы жазғанда дәл осындай роботтарды сипаттаған.
© AP Photo / Mark SchiefelbeinКөпшілікті таңғалдырған тағы бір жаңа техника. Робот-акулаға әскерилер назар аударды. Бейжіңдегі Boya Gongdao Robot Technology компаниясы ұсынған Robo-Shark дроны су астындағы ерекше тапсырмаларды орындауға арналған. Кибернетикалық балықтың ұзындығы екі метрден асады және ол сағатына 18 километр жылдамдықпен жүзе алады.
Посетители и роботы Всемирной конференции робототехники Beijing World Robot Conference 2021 в Пекине, Китай - Sputnik Қазақстан
4/14
Көпшілікті таңғалдырған тағы бір жаңа техника. Робот-акулаға әскерилер назар аударды. Бейжіңдегі Boya Gongdao Robot Technology компаниясы ұсынған Robo-Shark дроны су астындағы ерекше тапсырмаларды орындауға арналған. Кибернетикалық балықтың ұзындығы екі метрден асады және ол сағатына 18 километр жылдамдықпен жүзе алады.
© AP Photo / Mark SchiefelbeinҮй жануарлары үлгісінде дайындалған роботтар. Unitree компаниясы жаңа үлгідегі төрт аяқты робот-төбетті ұсынды. Киберит ауыр заттарды көтере алады және өнімділігі жоғары.
Посетители и роботы Всемирной конференции робототехники Beijing World Robot Conference 2021 в Пекине, Китай - Sputnik Қазақстан
5/14
Үй жануарлары үлгісінде дайындалған роботтар. Unitree компаниясы жаңа үлгідегі төрт аяқты робот-төбетті ұсынды. Киберит ауыр заттарды көтере алады және өнімділігі жоғары.
© REUTERS / Tingshu WangDeepRobotics компаниясының мамандары да осыған ұқсас робот әзірледі. Көрме қонақтары Jueying X20 роботымен тілдесе алды.
Посетители и роботы Всемирной конференции робототехники Beijing World Robot Conference 2021 в Пекине, Китай - Sputnik Қазақстан
6/14
DeepRobotics компаниясының мамандары да осыған ұқсас робот әзірледі. Көрме қонақтары Jueying X20 роботымен тілдесе алды.
© AP Photo / Ng Han GuanПикачуге ұқсас мұндай сүйкімді роботтар болашақта адамның таптырмас көмекшісіне айналуы мүмкін.
Посетители и роботы Всемирной конференции робототехники Beijing World Robot Conference 2021 в Пекине, Китай - Sputnik Қазақстан
7/14
Пикачуге ұқсас мұндай сүйкімді роботтар болашақта адамның таптырмас көмекшісіне айналуы мүмкін.
© REUTERS / Tingshu WangПатриоттық негізде дайындалған роботтар да бар. Мысалы, суреттегі мына робот Қытай Коммунистік партиясының тарихын айтып бере алады.
Посетители и роботы Всемирной конференции робототехники Beijing World Robot Conference 2021 в Пекине, Китай - Sputnik Қазақстан
8/14
Патриоттық негізде дайындалған роботтар да бар. Мысалы, суреттегі мына робот Қытай Коммунистік партиясының тарихын айтып бере алады.
© REUTERS / Tingshu WangКомпанияның бірі күн энергиясын қолдану арқылы мұхит бетін қоқыстан тазартатын роботты ұсынды.
Посетители и роботы Всемирной конференции робототехники Beijing World Robot Conference 2021 в Пекине, Китай - Sputnik Қазақстан
9/14
Компанияның бірі күн энергиясын қолдану арқылы мұхит бетін қоқыстан тазартатын роботты ұсынды.
© AP Photo / Ng Han GuanҚытайдың ұлттық статистика бюросы ұсынған мәлімет бойынша, өнеркәсіптік роботтар өндірісі 2016 жылғы 72 мыңнан 2020 жылы 212 мығға дейін артты. Суретте: Бетперде киген ер адам Бейжіңдегі Дүниежүзілік робототехника конференциясы жанынан өтіп бара жатыр.
Вход на Всемирную конференцию робототехники в Пекине - Sputnik Қазақстан
10/14
Қытайдың ұлттық статистика бюросы ұсынған мәлімет бойынша, өнеркәсіптік роботтар өндірісі 2016 жылғы 72 мыңнан 2020 жылы 212 мығға дейін артты. Суретте: Бетперде киген ер адам Бейжіңдегі Дүниежүзілік робототехника конференциясы жанынан өтіп бара жатыр.
© AP Photo / Mark SchiefelbeinБұл роботтандырылған адам қолының үлгісі. Ол Қытай ғарыш станциясында қолданылады.
Посетители и роботы Всемирной конференции робототехники Beijing World Robot Conference 2021 в Пекине, Китай - Sputnik Қазақстан
11/14
Бұл роботтандырылған адам қолының үлгісі. Ол Қытай ғарыш станциясында қолданылады.
© AP Photo / Mark SchiefelbeinКонференцияға әлемнің робототехника саласындағы 300-ге жуық сарапшысы қатысты.
Посетители и роботы Всемирной конференции робототехники Beijing World Robot Conference 2021 в Пекине, Китай - Sputnik Қазақстан
12/14
Конференцияға әлемнің робототехника саласындағы 300-ге жуық сарапшысы қатысты.
© AP Photo / Mark Schiefelbein Кейбір жобалар экологияның бұзылуы сынды жаһандық проблемаларды шешуге бағытталған.
Посетители и роботы Всемирной конференции робототехники Beijing World Robot Conference 2021 в Пекине, Китай - Sputnik Қазақстан
13/14
Кейбір жобалар экологияның бұзылуы сынды жаһандық проблемаларды шешуге бағытталған.
© AP Photo / Mark SchiefelbeinКонференция аясында экспозициядан бөлек, сала өкілдері және ғалымдарға арналған форум ұйымдастырылды. Оған Германия, Италия, Канада, Қытай, Корея Республикасы, Ресей, АҚШ, Швейцария, Жапония және басқа елдердің сарапшылары қатысты.
Посетители и роботы Всемирной конференции робототехники Beijing World Robot Conference 2021 в Пекине, Китай - Sputnik Қазақстан
14/14
Конференция аясында экспозициядан бөлек, сала өкілдері және ғалымдарға арналған форум ұйымдастырылды. Оған Германия, Италия, Канада, Қытай, Корея Республикасы, Ресей, АҚШ, Швейцария, Жапония және басқа елдердің сарапшылары қатысты.
Жаңалықтар
0