Өңірлер

Жеке куәлігін алып шыққан: Оралда үш күн бұрын жоғалған қыз іздестіріліп жатыр

© Photoбойжеткен
бойжеткен - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2021
Жазылу
Ол өзімен бірге рюкзак және жеке куәлігі салынған борсетканы ала шыққан. Анасына жақын уақытта келемін деп кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Оралда үйден шығып, қайта оралмаған 21 жастағы қыз іздестіріліп жатыр. Оның телефоны сөндірулі, деп жазды "Мой город" басылымы.

Анасы қызы Анастасия дүйсенбі, 13 қыркүйекте сағат 09:30-да үйден шығып кеткенін айтты. Ол өзімен бірге рюкзак және жеке куәлігі салынған борсетканы ала шыққан және жақын уақытта келемін деп кеткен. Алайда біршама уақыттан кейін оның телефоны сөндірулі болған.

Таныстарының ешқайсысы Анастасияның қайда екенін білмейді. Анасының айтуынша, ол Затон көшесінде жігітімен бірге тұрған.

"Содан кейін бәр сәтте оның телефондары өшіп қалды. Барлық танысымызға звондадық, ешкім ештеңе естімеген. Тығырыққа тірелгендейміз. Ол сырқат емес болатын, ешқандай есепте де тұрмайтын. Ешкіммен ұрсысқан жоқ", - дейді Светалана көз жасына ерік беріп. 

Жоғалған оралдықтың анасы полицияға хабарласып, арыз қалдырғандарын айтты.

Анастасияның сырт белгілері – ұзын қара шашты, дене бітімі арық, бойы 169 сантиметр. Ол үстіне джинса матадан тігілген және қызыл капюшоны бар күртеше, спортқа арналған шалбар және күлгін түсті кроссовка киген.

Жаңалықтар
0