10:04 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1216 0 0

Барлығы қайта хабарласамыз деп, хабарласпайтынына налыған Римма Рыжова бауырының сүйегін енді қайдан іздейтінін де, қалай жерлейтінін де елестете алмай отырғанын айтады

АЛМАТЫ, 1 наурыз – Sputnik. Қостанай облысында 4 жыл бұрын хабарсыз кеткен әйелдің сүйегі табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңірлік Alau.kz сайтының хабарлауынша, Виктория Курочкина 2017 жылы Қашар ауылындағы үйінен шығып, қайта оралмаған. 32 жастағы Виктория 24 қыркүйек күні күндіз ұялы телефонын алмай, кәмелетке толмаған екі баласын қалдырып, белгісіз бағытта шығып кеткен.

Оны бірнеше ай бойы іздеген. Іздеу жұмыстарына 140 полиция қызметкері, ТЖ қызметі, өрт сөндірушілер, жергілікті білім беру бөлімінің мамандары қатысты. Әйелді іздеуге Рудный политехникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері, ІІМ оқу орталығы мен академиясында білім алушылар, ССКӨБ комбинатының қызметкерлері мен іздестіруге қатысатын иттер де жұмылдырылған.

Викторияның таныстары оның спортпен айналысатын жауапты адам екенін, жай кетіп қалуы мүмкін емес екенін айтты.

Викторияның әпкесі Римма Рыжова 2019 жылы Викторияның сүйегі табылғанын мәлімдеді.

"2019 жылы ағама Федоров ауданының аумағында адам сүйегі табылғанын хабарлады. Болжам бойынша ол – Викториянікі. Ағам ДНҚ талдауын тапсырды. Екі ай ішінде нәтижесін хабарлаймыз деді. Алайда жауап келген жоқ", – деген Рыжова 2020 жылы ағасы полицияға барып, одан тағы да анализ алғанын айтады.

"Алғашқы сараптамадан нәтиже шықпапты", – дейді ол.

Марқұмның сүйегі қайда екені белгісіз

Оның айтуынша, олар бауырының сүйегін жерлеу үшін алып кетпек болған. Алайда оларға ешкім бермей отыр.

"Біз жауап күттік. Бізге тергеушінің нөмірін берді, ол істің Рудный мұрағатында жатқанын айтты. Сүйегі қайда екенін анықтай бастадық. Федоров мәйітханасында сүйегін полицияның алып кеткенін айтты. Ал полицей алып кетпеген. Бізді ары-бері жүгіртіп отыр. Барлығы қайта хабарласамыз деп, хабарласпайды. Сүйегін қайдан іздейтінімізді, қалай жерлейтінімізді елестете алмай отырмыз", – дейді Римма.

"Туыстары түсіндіруді қажет етеді…"

Қостанай облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс Рудный полиция басқармасының өндірісінде Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тіркелген.

"2019 жылдың 23 мамырында Федоров ауданында адам қаңқасының қалдығы табылды. Сот молекулярлық-генетикалық сараптамасы оның Қашар ауылының тұрғыны Виктория Курочкинаға тиесілі екенін растады. Туыстарына Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 118-бабына сәйкес мәйіттің сүйектері қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдеме екенін түсіндіру қажет", – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында адамның бас сүйегі табылды – полиция түсініктемесі

Ал енді туыстары марқұмның сүйегін алып жерлеуі үшін Рудный полиция басқармасына өтініш беруі қажет көрінеді.

Тақырып бойынша

Кейкі батырдың сүйегі Қостанай облысында жерленген
Батыс Қазақстанда үйдің астынан бірнеше адамның сүйегі табылды
Шымкентте саябақ маңынан адамның сүйегі табылды
Алматы облысынан табылған Алаш арыстарының сүйегі қайта жерленді
Қазақстандық жауынгерлердің сүйегі табылды – туыстары іздестіріліп жатыр
Кілт сөздер:
із-түзсіз жоғалу, Қостанай облысы
Загрузка...

Басты тақырып