НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында бақташы адамның бас сүйегін тауып алды. Полиция сот-медициналық сараптаманы бастап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, адамның бас сүйегі Қарақиян ауданында табылды. Жергілікті бақташы "Темір-баба" кеден бекетінен 40 шақырым шалғай жерде мал бағып жүргенде тапқан.
Оқиға орнына аудандық полиция қызметкерлері барып, жерде адамның бас сүйегі жатқанын анықтаған. Мойын омыртқасы да бар.
Тағы оқыңыз: Маңғыстауға барған америкалық туристердің "төбе шашы тік тұрды"
"Кеше ғана сағат 13:40-та тапқан. Бүгін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - дейді облыстық полиция мамандары.