Денсаулық

Тұмаудан жылдам жазылудың жолы қандай - дәрігер кеңес берді

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтудәрілік заттар мен лимон
дәрілік заттар мен лимон - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2021
Жазылу
Адам сырқат кезінде тым белсенді болса, сауығу процесі ұзаққа созылады, дейді терапевт

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек — Sputnik. Ғалымдар көптеген вирустық инфекцияларға қарсы дәріні әлі ойлап таппады. Алайда респираторлық инфекциядан жылдам жазылуға болады. Бұл туралы Sputnik радиосына сұхбат берген ресейлік терапевт дәрігер Алексей Хухрев айтты.

"Мысалы тұмау мен COVID-19 сияқты кейбір вирустардан вакцина қорғай алады. Негізі, респераторлық вирустық инфекцияның алдын алу қиындау, оны жұқтырсаңыз, ағзаңыз ауруды өзі жеңгенше күтуге тура келеді", - дейді Хухрев.

Оның айтуынша, адамға суық тигенде де ағзасына сан алуан патогендер түседі. Олар респираторлық вирустық инфекцияны қоздырады. Ал қазіргі вирусқа қарсы препараттардың барлығы бірдей вирусқа төтеп бере алмайды.

Дегенмен, сауығу уақытын жылдамдатуға болады. Ол үшін маңызды бірнеше мәселені ескеру керек.

"Мәселен адам ауырып қалғанда тым белсенді болса, ұзақ жазылады. Себебі иммунитет онсыз да әлсіз, ал белсенді өмір салты оған қосымша салмақ түсіреді. Сосын вирустық инфекциялар кезінде қанда лейкоциттердің деңгейі төмендейді. Олар инфекциямен күресуге көмектеседі. Сондықтан адам жазылмай жатып, ары-бері шапқылай берсе, вирустық инфекцияның бактериалдық инфекцияға ұласып кетуі әбден мүмкін. Жағдай қиындай түседі. Сол себепті ауырып қалған адамға демалыс береді", – деп атап өтті Хухрев.

Оқи отырыңыз: Министрлік тұмауға қарсы вакцинаға қатысты ресми ақпарат таратты

Дәрігер мұндай кезде ағзаға тапшы дәрумендерді ішіп отыруға кеңес берді.

"Мәселен, D дәруменінің деңгейін бақылап отырған маңызды. Ол иммунитетке тікелей әсер етеді", – дейді Хухрев.

Бұдан бөлек, ауырып қалған адам ұйқысын қандырып, құнарлы тамақ ішуге тиіс. Алкоголь тұтынбаған дұрыс.

Жаңалықтар
0