Әлем

Путин коронавирусқа байланысты өзін-өзі оқшаулады

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2021
Жазылу
Путин осы аптада Душанбеде жоспарланған ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы мен ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына онлайн қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин айналасындағы адамдар коронавирус жұқтырғаннан кейін өзін-өзі оқшаулады, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.

"РФ президенті Владимир Путин Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Владимир Путин айналасында коронавирус жұқтырған адамдардың анықталуына байланысты белгілі бір уақыт өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауға тиіс екенін мәлімдеді", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Путин осы аптада Душанбеде жоспарланған ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына және ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының бірлескен отырысына бейнебайланыс арқылы қатысады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев ҰҚШҰ және ШЫҰ отырысына қатысады

Жуырда ресейлік көшбасшы паралимпиадашылармен әңгімелесу кезінде айналасындағы адамдардың көбі коронавируспен ауырып жатқанын айтқан еді. Путин жақында өзі де карантинге кетуі мүмкін екенін мәлімдеді. Кейінірек оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мұны жоққа шығарды.

Ресейлік лидер көктемде коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын салдырды.

Жаңалықтар
0