НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады.
Іс-шара 16-17 қыркүйек күндері Душанбе қаласында өтеді, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Сонымен қатар бірқатар мемлекет басшысымен екіжақты кездесулер жоспарланған.