Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды – не өзгереді  

© Sputnik / Абзал КалиевПарень со смартфоном идет по улице
Парень со смартфоном идет по улице - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Діни бірлестіктердің нысандарында орналасқан Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану орындарында 30 адамнан асырмай ас беруге болады

НҰР -СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева 27 тамыздағы қаулыға өзгеріс енгізді. Жаңа құжатта елордадағы карантинді жеңілдету туралы айтылады.

Атап айтқанда, 12 қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтанда қалалық қоғамдық көліктер жексенбіде жұмыс істейді, ал қарбалас сағатта автобустардың саны көбейтіледі.   

Сонымен қатар санитар дәрігер бір адамға кемінде 4 метр есебінен маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, мешіттердің, православие шіркеулерінің және басқа да діни орындардың аумағында ашық аспан астында ұжымдық діни іс-шараларды өткізуге рұқсат берді.

Оқи отырыңыз: Шымкентте карантин ұзартылды - жаңа қаулы 

Айта кетері, синоптиктердің болжауынша, елордада алдағы үш күнде күн күрт суытып, жаңбыр жауады, жел күшейеді.

Құжатқа сәйкес, діни бірлестіктердің нысандарында орналасқан Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану орындарында 30 адамнан асырмай ас беруге болады.

Қаулы 10 қыркүйекте қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Толық мәтінді мына жерден оқыңыз.

Жаңалықтар
0