Өңірлер

Шымкентте карантин ұзартылды - жаңа қаулы

Шымкент - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2021
Жазылу
Қалада қоғамдық транспорт санын көбейту тапсырылды

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек — Sputnik. Шымкент қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шектеу шараларының мерзімі ұзартылды. 

Адам көп шоғырланатын шаралар өткізуге тыйым салу, жасы 65-тен асқан адамдардың қоғамдық орындарда жүріп-тұруын шектеу шаралары жалғасатын болады. 

Ұлттық құрама мен клубтық командалардың (30 адамнан аспайтын) жаттығуына рұқсат берілді. Сквер, саябақ пен жағалаулар бұрыңғы режимде жұмыс істей береді.

Қоғамдық транспорт санын көбейту тапсырылды. 

Қаулы 10 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Оның толық мәтінімен мына жерде танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: Карантин кезінде қытайларды отанына жіберуге уәде еткен алматылық әйел ұсталды

 

 

Жаңалықтар
0