Әлем

Халықаралық қауымдастық "Талибанға" сенбейді – әскери сарапшы

© AP Photo / Rahmat GulБоевик Талибана* во время патрулирования Кабула
Боевик Талибана* во время патрулирования Кабула  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2021
Жазылу
Көрші жатқан елдер тәлібтермен ынтымақтастық орнату не беретінін түсінбей отыр. Онда өндіріс те жоқ

НҰР -СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Әскери сарапшы Алексей Леонков "Талибан"* қозғалысы Орталық Азия мен Еуропаға қандай қауіп төндіріп тұрғанын айтып берді.

"Талибан" қозғалысының өкілі Забихулла Муджахид 6 қыркүйекте тәлібтерге қарсы тұрған Ауғанстанның жалғыз ауданы – Панджшердің берілгені туралы мәлімдеді. Өздерін Ауғанстанның Ұлттық қарсылық майданы деп атаған Ахмат Масуд бастаған көтерілісшілер күрес жалғасып жақанын айтып жатыр.

Панджшер шатқалында не болып жатыр? Қандай дереккөзге сенген дұрыс? Шатқалдағы әскери жағдай алдағы уақытта қалай өрбиді?  

Столкновения талибов с женщинами в Кабуле - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2021
Видео
Тәлібтер әйелдер митингісін көзден жас ағызатын газбен таратты – видео
Муджахид пен Масуд қазір бір-біріне кереғар мәлімдеме жасап отыр. Сондықтан оны растау немесе жоққа шығару әзірше мүмкін емес. Алексей Леонковтың айтуынша, қазір екі тарап та бақылауды жоғалтқанын мойындамайды.

Ол географиялық орналасуына байланысты Панджшер шатқалын басып алу соншалық оңай емес екенін айтты.

"Ол жақта ұзақ уақыт бойы қарулы қақтығыс жүргізуге аса қолайлы тау шатқалдары бар. Әрине, ең алдымен оқ-дәрі мен адам саны жеткілікті болуы қажет. Алайда қажетті жабдық жеткізілетін жолдың барлығын аңдып-білу мүмкін емес", - дейді сарапшы.

Алексей Леонков "Талибан" Панджшер шатқалын осымен екінші рет басып алуға тырысып жатқанын еске салды.

"Бұл "Талибан" үшін аса маңызды. Себебі Панджшер тойтарыс берудің символына айналды. Әлемдік қауымдастық бұл жағдайды жіті бақылағанымен, араласпай отыр. "Талибан" террористік ұйым күйінде қалды. БҰҰ да, Батыс елдері де, Ресей де оған қатысты көзқарасын өзгерткен жоқ. Тәлібтер амнистия туралы мәлімдегенмен, қарсыластарды жазалау жүріп жатыр. Себебі түрлі кадр желіде пайда болуда. Сондықтан "Талибанның" сөзі мен ісі екі бөлек болып отыр деуге негіз бар", - деді Леонков.

Әскери сарапшы Ауғанстанда экономиканың жоқтығы елдің болашағын бұлыңғыр етіп отырғанын айтты.

"Америкалықтар ауған жерінен кеткен кезде Ашраф Гани үкіметі қолданған барлық қаржы есепшотын бұғаттап тастады. "Талибан" үшін олар жабық тұр.

Ал бұл ел азық-түлік, қару-жарақ пен жанар-жағармайдың жеткізілуі есебінен күнелтіп келді. Тәлібтер қазір мініп жүрген көлік тұралап қалған кезде, оларға мұнай өнімдерін кім жеткізеді? Мен қазір қарапайым азық-түлік жайын қозғап отырған жоқпын", - дейді Леонков.

Ол Ауғанстан жерінен АҚШ кеткеннен кейін тәлібтердің табыс көзі тоқтаған шақта 37 миллион халқы бар ел өз азаматтарын қалай асырайтынына таңданыс білдірді.

Никаб - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2021
Әлем
Тәлібтер* ауған әйелдеріне жаңа талап қойды
"Өз территориясы арқылы өтетін транзит үшін тәлібтер америкалықтардан жылына 2 миллиард доллар қаражат алып келді. Қазір бұл табыс көзі жоқ. Сондықтан содырлардың америкалық әскерилер қалдырған ауыр техниканы сатқаннан басқа амалы жоқ. Ал ол үшін тәлібтер бүтіндей логистикалық операцияны ойластыруы керек. Себебі бір танкті Йемен немесе Ливияға жеткізу үлкен шығынды қажет етеді", - деді сарапшы.

Леонков тәлібтер америкалықтардан қалған жылжымалы зениттік зымыран кешендерін сатпайды деп болжам жасады. Себебі дәл осы қару түрі әлем қауымдастығы үшін үлкен қауіп төндіріп отыр.

"Бұл "Талибан" басқа елдерге қоқан-лоқы көрсетуіне күш беретін басымдық болуы мүмкін. Келісімге келмеген елдерге зениттік кешенді бағыттауы әбден ықтимал. Еуропа мен АҚШ-тың Ауғанстаннан бойын аулақ ұстауының астарында осы жатуы мүмкін. Ал көрші жатқан елдер тәлібтермен ынтымақтастық орнату өздеріне не беретінін түсінбей отыр. Онда өндіріс те жоқ. Ұзақ-түйек кен орындары бар. Тәлібтер билікте қалмаса ше? "Әл-Каида" ауған жеріне үстемдік етсе не болмақ? Сириядағы жағдай террористермен келіссөз жүргізуге болмайтынына көз жеткізді", - дейді Алексей Леонков.

Ол "Талибанның" инклюзивті үкімет құру туралы мәлімдемелері де күмәнға толы екенін айтты.

"Ешқандай экономикалық бағдарлама, саяси құрылым туралы бағдарлама жоқ. Тек ұран ғана. Инклюзивті үкімет туралы айтсақ, оның құрамында Ауғанстан аумағында тұратын барлық этникалық топтың өкілі болуы керек", - деді Алексей Леонков.

Әскери сарапшының пікірінше, тәлібтердің БҰҰ-да сөйлеген сөзіне қарамастан халықаралық қауымдастық "Талибанға" сенбейді. Себебі елден кеткісі келетін адамдар саны артып жатыр.

"БҰҰ бағалауы бойынша қазір 500 мың адам елден қашуға дайын. Адамдар жақсы өмірден қашып жатқан жоқ қой. Сондықтан олар тәлібтердің үгіт-насихатынан гөрі шынайы жағдайды көрсетіп тұр", - деді Леонков.

Алексей Леонковтың сұхбаты "Sputnik на русском" YouTube-арнасында жарияланды.

* Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым

Жаңалықтар
0