НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Талибан* радикалды қозғалысы оқу кезінде қыз-келіншектерді бүкіл денені жауып тұратын дәстүрлі ұзын киім – абайя мен тек көзге арналған қиығы бар бетті жауып тұратын бас киім – никаб киіп жүруге міндеттеді, деп жазды AFP.
Мұндай өзгеріс жалпы білім беру жүйесіне қатысты болады. Сонымен қатар әйелдер мен ер адамдар үшін сабақ екі бөлек жүргізіледі.
Оқи отырыңыз: "Еліме қайтқым келмейді": Қазақстандағы ауған студент жанайқайын жеткізді
Жынысы бөлек білім алушыларға сабақ арасындағы үзіліс пен оқу орнына кіру-шығу кезінде кездесуге қатаң тыйым салынған.
Қыз-келіншектерге сабақты жынысы әйел мұғалімдер немесе "тәртібі жақсы" ер мұғалім өткізеді. Бұған дейін тәлібтер Ауғанстанда аспанда оқ атуға, сондай-ақ қоғамдық жерде музыка қоюға және оны ән орындауға тыйым салды.
Талибан* - Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған экстремистік ұйым.