Қоғам

"Еліме қайтқым келмейді": Қазақстандағы ауған студент жанайқайын жеткізді

© AP Photo / Rahmat GulБоевики Талибана* на улицах Кабула
Боевики Талибана* на улицах Кабула  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2021
Жазылу
Само Каргар тәлібтердің үкіметінде болашақ жоқ екенін, інілерінің болашағын уайымдайтынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстанда оқитын ауғанстандық студент Само Каргар өз еліне қайтқысы келмейді. Себебі ол жақта жағдай шиеленіскен. Самоның айтуынша, қазір отбасымен байланысу да қиындап кеткен, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

"Отбасыммен тәлібтер келгеннен бері сөйлесе алмай жүрмін. Менің уайымым көп. Уайымдап жүрмін. Інілерімді, олардың келешегін уайымдаймын. Ауғанстанды "Талибан" алды. Тәлібтердің үкіметінде болашақ жоқ", - дейді ауғанстандық студент Само Каргар.

Ауғанстанда тәліптер дәл қазір жаңа үкімет құру үшін  жанталасуда. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Кабулде жақында экс-президент Хамид Карзай мен Қазақстанда тыйым салынған  "Талибан" қозғалысының өкілі Анас Хаккани кездескен. Сондай-ақ елге Дохиден Катар кеңсесінің көшбасшысы бастаған тәліптер делегациясы жетті.

Тәліптердің сөзінше, келешек министрлер кабинеті атына заты сай болады. Инклюзивті үкімет Ауғанстанның өзге елдермен байланысын нығайтып,экономиканы қалыпқа келтірмек. Тіпті әйелдердің де білім алып, жұмыс істеуіне рұқсат беріледі, дейді қозғалыс өкілдері.

"Қазір қандай да бір таңдау жасауға  уақыт жоқ. Конституция да жоқ. Бірақ жаңа ата заң шығарылып, бекітіледі. Дәл қазір инклюзивті ауған үкіметін құруымыз керек. Әйелдер жұмыс істеп, қоғамдық өмірге араласады", - деп атап өтті тәліптердің катардағы кеңсесінің баспасөз хатшысы Сухайль Шахин.

 Іс жүзінде тәліптердің инклюзивті үкіметі дәстүрлі үкіметтен айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін.  Өйткені оларда мемлекетті басқаратын кадр жоқ. Калашников автоматына сеніп, сақал қойдырғандардың мемлекеттік қызметте тәжірибесі жоқ екені айқын. Елде бірнеше күн бойы банктер мен өзге де қаржылық мекемелер жабық тұрғанын ескерсек, мұндай кабинетті құруға қанша уақыт кетеді әрі оның қалай жұмыс істейтіні әлі түсініксіз.

"Бұрын бизнесте ешқандай кедергі болған жоқ.  Экспорттық-импорттық бизнесте банк өте маңызды, себебі бизнес банк операцияларына тәуелді.  Тәліптер  билікті басып алғаннан кейін Ауғанстандағы банктер жабық. Сондықтан, проблемалармен бетпе -бет келеміз.  Егер осылай жалғаса берсе, онда екі апталық үзілістен кейін біздің бизнес тоқырайды", - дейді кедендік безендіру агенттігінің иесі Имран Али.

Ал еуроодақ ауған босқындарының жаңа легіне қатысты дабыл қағуда. Еуропалық комиссия одақ елдерін мигранттарды қабылдау квотасын көбейтуге шақырды. Бірақ 10 мың ауғанды қабылдауға уәде берген мемлекеттердің Германиядан басқасы үнсіз.

Жаңалықтар
0