Оқиға

Жамбыл облысында көлік бір үйір жылқыны қағып кетті: он екісі өлді

© AP Photo / Michael ProbstАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2021
Жазылу
Елу тоғыз жастағы жүргізуші Тараз қаласына қарай кетіп бара жатқанда бір үйір жылқыға соғылған

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында Mercedes-Benz жүргізушісі бір үйір жылқыны қағып кетті.

Облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, жол апаты 5 қыркүйек кешке "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тас жолының 341 шақырымында болды. Жантүршігерлік кадрлар әлеуметтік желіде жарияланды.

Тараздың 59 жастағы тұрғыны қалаға қарай кетіп бара жатқанда бір үйір жылқыға соғылған.

"Мерке ауылының 35 жастағы тұрғыны жолды қысқарту үшін малды жерасты өткелі арқылы емес, тас жолдың үстімен айдап өткен. Жол апаты салдарынан 12 жылқы өлді", - деп нақтылады баспасөз қызметіндегілер.

Тағы оқыңыз: Батыс Қазақстанда көлік жылқыларға соғылды: бір отбасының үш адамы көз жұмды

Жарақат алған жүргізуші Мерке аудандық ауруханасының дәрігерлеріне қаралды.

Қазір бақташыға қатысты әкімшілік жаза тағайындалуда.

Жаңалықтар
0