Оқиға

Батыс Қазақстанда көлік жылқыларға соғылды: бір отбасының үш адамы көз жұмды

Жылқы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2021
Жазылу
Жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, мал иесі әзірге анықталмаған

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында жеңіл көлік жылқыларға соғылып, салдарынан үш адам ажал құшты, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Жолда тұрған ат - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2018
Оқиға
Көлік жылқыға соғылды: бір бала өлді, тағы жетеуі зардап шекті
Қайғылы оқиға Орал-Атырау тас жолының 75 шақырымында түнгі он бір шамасында болған.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, ВАЗ-21113 автокөлігі екі жылқыға соғылған.

Салдарынан 54 жастағы жүргізуші, оның 85 жастағы әкесі мен 13 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мал иесі әзірге анықталған жоқ.

Полиция департаментінің мәліметінше, көп жағдайда мұндай трагедияларға жол жиегінде жайылып жүрген малдар себепші болады.

Жаңалықтар
0