Әлем

Қыз мектепке баса-көктеп кіріп, мұғалімдерді арбалетпен атты

© Photo : СС0 / Umer SaudАрбалет
Арбалет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2021
Жазылу
Ол осы мектепте төртінші сыныпқа дейін оқыған. Он жылдан кейін бұндай әрекетке не себепті барғаны әзірше белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек –  Sputnik. Украинаның Полтава қаласында 19 жастағы қыз мектепке баса-көктеп кіріп, мұғалімдерге арбалетпен оқ жаудырған, деп хабарлады Украина.ру.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға бүгін сағат 11:00-де №11 орта мектепте болған. Екі педагог жарақат алды. Қайтыс болғандар жоқ. Арбалет асынып келген қыз ұсталды.

Қазандағы трагедия: қазақстандық оқушылардың қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі

Қыз шашын жасыл түске бояп тастаған. Ал екі қолы кесілген. Полицейлер оның осы мектепте төртінші сыныпқа дейін оқығанын анықтады. Оқушы қыздың он жылдан кейін бұндай әрекетке не себепті барғаны әзірше белгісіз.

Қазіргі кезде адам өлтіруге оқталу әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға осы жылдың 11 мамырында Ресейдің Қазан қаласында болған еді. 19 жастағы Ильназ Галявиев өзі бітірген №175 гимназияда жарылыс жасап, оқ жаудырды. Жеті оқушы мен екі мұғалім көз жұмды. Тағы 24 адам жарақат алды.

Жаңалықтар
0