Экономика

"Дәрменсіздіктің белгісі": сарапшылар министрліктің ұсынысына қарсы шықты

CC0 / fernandozhiminaicela / қалам, илюстрациялық сурет
қалам, илюстрациялық сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Қаржы министрлігінің басшысы шағын және орта бизнесті тексеруге енгізілген мораторий салық түсіміне кері әсер етіп жатқанын айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүейк — Sputnik. Құрамында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері бар сарапшылар қаржы министрлігінің шағын және орта бизнесті тексеруге мораторийді алып тастау туралы ұсынысына қарсы шықты.

Қазақстандық сарапшылар бюджетке кірістің азаюына салық "каникулы" емес, коронавирусқа байланысты экономикалық тұрақсыздық әсер еткенін айтуда.

"Санитарлық дәрігерлердің қаулысы бойынша жұмыс істеуге тыйым салу уақыты тамақтану, сауда мен басқа да бизнес түрлерінің жұмысы қызатын уақтыпен дөп келді. Шектеу кезінде бизнес өз саудасының 70%-ке жуығын жоғалтты. Сәйкесінше, қазыналық чек пен салық та 70%-ке қысқарды", - дейді "Атамекен" ҰКП президиум мүшесі, Алматы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев.

EXANTE халықаралық инвестициялық компаниясының аналитигі Андрей Чеботарев та осы тектес пікір білдірді.

"Президенттің бюджетке кірістерді арттыру туралы көптен бері айтып келе жатқанын ескерсек, қаржы министрлігінің жаңа креативті идеялар әзірлеуге біршама уақыты болды. Жеткілікті деңгейде әлі де өсіре алмаған шағын бизнесті тексеруге мораторийді алып тастауды ұсыну арқылы қаржы министрлігі өзінің дәрменсіздігі мен креативті ой-идеясының жоқтығын айқындап тұр", - дейді аналитик.

Оның айтуынша, бұл бизнестің жағдайын ушықтырып, билікке деген сенімді жоғалтуға алып келуі мүмкін.

"Президент дамыту жайлы айтса, министрлік барлығын тексеру керек дейді. Мысалы, ешкім камералық тексерулерді тоқтатқан жоқ емес пе? Егер қандай да бір бизнеске қатысты заңсыздық бойынша күдік туындаса, оны жекелей тексеруге болады", - дейді Андрей Чеботарев.

Оқи отырыңыз: "Бизнес одан сайын құлдырайды": кәсіпкерлер тексерістердің басталуына наразы

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметі бойынша, таусылмайтын карантин шектеулері мен "демалыс күндеріндегі локдаун" салдарынан бір ғана тамақтану орындары 2021 жылдың алты айында 50% табысынан айырылып отыр. Ал Қазақстанда соңғы жылдары шағын және микро кәсіпкерлік өкілдерінің табысы айтарлықтай қысқарды.

2 қыркүйекте Қазақстанның қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысында микро және шағын бизнесті тексеруге қатысты енгізілген мораторий салыққа кері әсер еткенін мәлімдеді. Оның пікірінше, кейбір кәсіпкерлер мұны салықтан жалтарудың мүмкіндігі ретінде қарастырып отыр.

Бизнесті тексеруге мораторий, сондай-ақ кейбір қызмет түрлері үшін салық "каникулы" Қазақстанда президент тапсырмасы бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жылға енгізілген болатын.

Жаңалықтар
0