Экономика

Қаржы министрлігі бизнесті тексеруге мораторийді алып тастауды сұрады

© Photo : РixabayПодписание документов
Подписание документов - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2021
Жазылу
Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп экономиканың барлық саласы бойынша көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспар іске асырылуда

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Қаржы министрлігі шағын бизнесті тексеруге мораторийді алып тастауды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Былтыр тексерістерге енгізілген үш жылдық мораторий кассалық тәртіпті төмендетті. Жауапсыз кәсіпкерлер бұл бастаманы салықтан жазасыз жалтару мүмкіндігі ретінде қабылдауда. Осыған байланысты микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторийді алып тастау мәселесін қарастыруды ұсынамыз", - деді қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысында.

Айтуынша, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп экономиканың барлық саласы бойынша көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспар іске асырылуда.

Сондай-ақ, мемлекет шекарасында артық тосқауылдарды алып тастауға және заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимыл бойынша ауқымды шаралар жүргізіліп жатыр.

Министрлік тауарларды толыққанды режимде қадағалаудың ұлттық жүйесін іске асыруды жоспарлап отыр. 9 авто және 1 теміржол өткізу бекетін жаңғырту жұмыстары басталды.

Сондай-ақ капиталды шетелге шығаруға қарсы және экономиканы деофшорлау бойынша кешенді жұмыс қолға алынған.

"Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен және Ұлттық банкпен электронды деректер алмасу аясында көпжақты конвенцияға қол қойдық. Осы жылдан бастап 100-ден астам юрисдикцияда азаматтарымыздың қаржылық шоттары бойынша ақпарат алмаса бастаймыз", - деді министр.

Жаңалықтар
0