Қоғам

Қазақстан әскерлері дабылмен көтерілді

© Photo : МинобороныҚазақстан армиясының жауынгерлік дайындығын тексеру
Қазақстан армиясының жауынгерлік дайындығын тексеру - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Әскерлерді елдің өзге өңірлеріне жіберуге бұйрық берілді, сондай-ақ бірнеше азамат әскерге шақыру қағазын алды

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда әскерлерді қауырт тексеру басталды. Бірқатар өңірлік қолбасшылықтың әскери бөлімдері, десанттық-шабуылдау әскерлері, әскери-теңіз күштері, әскери-әуе күштері жауынгерлік әзірлікті тексеру мақсатында дабылмен көтерілді, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.

"Әскерлерді елдің өзге өңірлеріне жіберуге бұйрық берілді. Әскери қызметшілер әскери техникамен бірге теміржол эшелондарымен, әскери-көлік авиациясымен алыс жерлерге жіберіледі", - деп нақтылады ведомство.

Бұдан бөлек, оқу-жаттығу мақсатында жеке құрамды тасымалдауға азаматтық авиакомпаниялардың ұшақтарын тарту жоспарланған.

Кейбір запастағы әскери міндеттілерді шақыруды жүзеге асыру үшін жергілікті әскери басқару органдарына нұсқау берілді. Бірнеше азаматқа әскерге шақыру қағазы табыс етілді. Соған сәйкес олар әскери бөлімдерді жасақтау үшін жинау пунктеріне келуге тиіс. Осылайша әскери-оқытылған резервті жұмылдыру мүмкіндігі тексеріледі.

Тағы оқыңыз: Тараз түбіндегі жарылыстар: билік төтенше жағдай жариялады

Белгіленген аудандарға келгеннен кейін әскерлер жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмаларын орындайды. Бұл тапсырмалардың мазмұнымен олар кейінірек танысады.

Жаңалықтар
0