Оқиға

Алматы маңында санавиация ұшағының қозғалтқышы істен шықты

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуМАКС 2015.
МАКС 2015.  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2021
Жазылу
Як-40 маркалы ұшақ Алматыдан Семейге аттануға тиіс болған

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Eastwing әуе компаниясының санитарлық авиация ұшағы қозғалтқышы істен шығып, әуежайға қайта оралды.

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Ведомстводағылардың айтуынша, Eastwing компаниясы EWZ1149 санитарлық рейсін атқарған. Як-40 маркалы ұшақ Алматыдан Семейге аттануға тиіс болған.

Ұшақ көкке көтерілгенен кейін экипаж сол жақ қозғалтқыштың істен шыққанын хабарлады. Ұшақ әуежайға қайтып оралып, сағат 11.17-де сәтті қонды. Бортта экипаждың бес мүшесі мен екі дәрігер болған.

Осыдан төрт жыл бұрын осы әуе компаниясының Алматы-Шымкент бағытындағы тағы бір санитарлық авиация ұшағы істен шыққан болатын. 2017 жылы 3 қазанда ұшақ Алматы әуежайынан 28 шақырым жерде құлап, өртке оранды. Ол кезде ұшақ бортында бес адам болған. Олардың бәрі апаттан көз жұмды.

Оқи отырыңыз: Алматы маңындағы апат: қаза тапқан ұшқыштың отбасына 4 млн теңге төленеді

Жаңалықтар
0