АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитетінің қызметкерлері Алматы әуежайынан 28 шақырым жерде құлаған, Алматы-Шымкент бағытындағы санитарлық ұшақты сөндіріп жатыр, деп хабарлайды мекеменің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
"Біздің бөлімдер оқиға орнына келді. Ұшақты сөндіру жұмыстары орындалып жатыр", — дейді Иманқұлов.
Eastwing авиакомпаниясының АН-28 әуе кемесі сағат 18.47 шамасында Алматыдан 28 шақырым жерде локатордан жоғалып кеткен. Ұшақ бортында бес адам болған.