Өңірлер

Жамбылдағы жарылыс: ауруханадан шыққан өрт сөндірушілер сұхбат берді

© Photo : Армат БарлыбаевБайзақ ауданындағы әскери қоймалар
Байзақ ауданындағы әскери қоймалар - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2021
Жазылу
Өрт сөндірушілер алдағы уақытта қызметтерін жалғастыратынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Тараздың түбіндегі жарылыстар кезінде жарақат алған бірнеше өрт сөндіруші ауруханадан шықты, деп хабарлайды 7 арна.

№2 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл басшысы Рустам Ертаевтың аяғы бірнеше жерден сынған. Оған ота жасалды. Қазіргі кезде жағдайы жақсы. Сондықтан дәрігерлер оны үйге жіберуге шешім қабылдады.

"Әзірше үйде емделеміз. 4-5 ай керек дейді. Артынан көре жатармыз. Жұмыс қой бұл. Құдай сақтады. Денсаулық дұрыс болса, жұмыс істей береміз", - дейді Ертаев.

Ал Жанкелді Райымбердің құлағына зақым келіп, дабыл жарғағы жарылып кеткен. Ол жағдайы жақсы екенін айтты. Жанкелді қаза болған әріптестерінің үйіне барып, көңіл айтып шығуды жоспарлап отыр.

Өрт сөндіруші Қанат Айтпаев та үйіне оралды.

"Қазір құдайға шүкір, жақсы бәрі. Дабыл жарғақтары бір-екі айда қалпына келеді деді. Ал қалпына келмесе, Алматыда ота жасайды", - дейді Айтпаев.

Қанат өрт сөндіру қызметін жалғастыруды көздейді. Осы қызметтен абыроймен зейнеткерлікке шығуды армандап жүр. Бірақ анасы қарсы. Жалғыз ұлы үшін қатты алаңдайды. Қанаттың өз балалары да бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Вечерняя программа «Студия 7» (@studiya_7tv)



Жаңалықтар
0