Қоғам

"Құтқарушылар мәлімдемесін назарға алу керек": депутаттар жарылысқа қатысты сауал жолдады

© Sputnik / Болат ШайхиновМәжіліс отырысы
Мәжіліс отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Жазылу
Олар әскери қызметшілердің қоймада жарылатын заттың бар екенін айтпағанын ашық мәлімдеген, деді депутат Альберт Рау

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Парламент мәжілісінің депутаты Альберт Рау үкімет басшысына сауал жолдап, Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылысқа кінәлілерді  жазаға тартуды талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"2019 жылы Арыс қаласында болған жарылыстан кейін президент оқ-дәрілер сақталған барлық қойманы елді мекендердің сыртына шығарып, қауіпсіздікке кепілдік жасауды тапсырған. Алайда мемлекет басшысының тапсырмасы орындалмады деп санаймыз. Бұқаралық ақпарат құралдарына снарядтарды сақтау және утилизация жағынан тәртіп бұзушылықтар болды деген ақпараттар пайда болды. Соның ішінде Арыс қаласынан шығарылған оқ-дәрілер де бар", - деді Рау мәжілістің жалпы отырысында.

Депутат өрт сөндірушілердің видеосын да еске алды. Олар әскери қызметшілердің қоймада жарылатын заттың бар екенін айтпағанын ашық мәлімдеген. Соның салдарынан адам өлімі көп болды.

"Осы орайда тағы бір сұрақ туындап тұр. Ондай уақытта, трагедия болатын күні сарбаздар командирсіз жүрмейді. Біз болсақ, сол командирдің аты-жөнін естіген де жоқпыз. Сонда бұны қалай түсінуге болады? Кадр тапшылығы ма? Жоқ, әлде әскери бөлімше командирін жауапкершіліктен құтқарудың амалы ма? Тергеу кезінде апаттың нақты себебі анықталады деп сенеміз. Ал кінәлі адамдар лауазымы мен шеніне қарамастан жазаға тартылады. Комиссияны бұқаралық ақпарат құралдарында шығып жатқан материалдарды да тіркеп, жан-жақты зерделеп шығуды сұраймыз", - деп атап көрсетті Рау.

Рау тағы бір маңызды мәселені атап өтті. Оның айтуынша, Арыс қаласында болған жарылыстан кейін президент тапсырмасы бойынша арнайы заң әзірленген болатын. Осы құжатта Қарулы күштердің әскери қоймалары, базалары мен арсеналдары орналасқан тыйым салынған аймақтарды реттеу мәселесі жазылған.

Заң өткен жылы мамыр айында қабылданған болатын. Алайда үкімет тыйым салынған аймақтарды бекіту ережесін қабылдауды тым созып жіберді. Екі айдың орнына жеті ай уақыт кетті.

Ал тыйым салынған аймақтарға кіріп кеткен жерлерді иеліктен шығару шаралары тек келесі жылы ғана басталады.

Осы депутаттық сауалға "Ақ жол" партиясы және Қазақстан халық партиясы да қосылды.

"Біз традегияның себептерін анықтауды талап етеміз. Әсіресе, аман қалған құтқарушылардың мәлімдемесіне баса назар аударған жөн. Олардан жанып жатқан қоймаларда оқ-дәрілердің бар екенін жасырған дейді. Қорғаныс министрілігі осы мәселе бойынша түсініктеме берген. Бірақ ол біздің көңілімізден шықпайды. Тергеудің қорытындысы бойынша барлық кінәлі адамдарды жазаға тартуға шақырамыз", - дейді депутат Азат Перуашев.

Оқи отырыңыз: Тараз түбіндегі жарылыстар: билік төтенше жағдай жариялады

Жаңалықтар
0