Саясат

Мамин Тоқаевқа эпидахуал мен азық-түлік бағасы туралы баяндады

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2021
Жазылу
Жетінші қыркүйекке дейін Жалпыұлттық жоспар әзірленіп, Мемлекет басшысына бекітуге енгізілетінін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек — Sputnik. Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады.

Президентке биылғы Жолдауды жүзеге асыру шаралары туралы баяндалды.

Премьер-Министр Қазақстан Президентінің Жолдауындағы барлық бағытты жүзеге асыру үшін 7 қыркүйекке дейін Жалпыұлттық жоспар әзірленіп, Мемлекет басшысына бекітуге енгізілетінін жеткізді. Аталған жоспар экономиканың орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуды, денсаулық сақтау жүйесі мен білім беру сапасының тиімділігін арттыруды және аймақтық саясатты жетілдіруді қамтиды.

Президент 600 мың қазақстандықты қуантатын жаңалықты бөлісті

Асқар Мамин еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсарып келе жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы екі аптаның ішінде вирустың таралу индексі 1-ден асқан жоқ, бүгінгі көрсеткіш – 0,87 болып тұр. Жұқпалы аурулар және жансақтау бөлімдеріндегі науқастар саны 40 пайызға азайған. Қазіргі уақытта 6,7 миллион адам вакцинаның бірінші компонентін қабылдаса, 5,5 миллион азамат екпені толық алған.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа импортқа тәуелділікті төмендетуге және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының құбылуына жол бермеуге қатысты алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жөнінде, егін жинау науқанының барысы мен еліміздегі экономикалық дамудың басқа да өзекті мәселелері туралы айтылды.

Ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін көтеріледі – жолдау

Кездесу соңында Президент Премьер-Министрге Жолдауды толық жүзеге асыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді. Мемлекет басшысы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды түбегейлі жақсарту үшін Үкімет пен аймақ әкімдерінің үйлесімді әрі тиімді жұмысы аса маңызды екенін атап өтті.

 

Жаңалықтар
0