Қоғам

Мектептерде орын тапшылығы 1 миллионға жетуі мүмкін – Тоқаев

© Sputnik / Тимур БатыршинШкольник
Школьник - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Жазылу
Мемлекет басшысы 2025 жылдың соңына дейін 1000 мектеп салуды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін мың мектеп салуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 День знаний в Нур-Султане - 2021 - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Білім
Қосшы мектебінде 1 "Ы" сыныбы ашылды
Президент орта білім жүйесіндегі өткір мәселелердің бірі мектептердегі орын тапшылығы екенін атап өтті.

"Қазір тапшылық 225 мың орынды құрайды. Егер шұғыл шара қабылдамасақ, 2025 жылға қарай тапшылық 1 миллион орынға жетуі мүмкін", - деді Тоқаев жыл сайынғы жолдауында.

Мемлекет басшысы бұған дейін 2025 жылдың соңына дейін ең кемі 800 мектеп салуды тапсырғанын еске салды.

"Ал бүгін мен бұл санды 1 000 мектепке жеткізуді тапсырамын", - деді ол.

Тоқаев мектеп құрылысына жекеменшік секторды да тарту қажет екенін айтты.

Жаңалықтар
0