Әлем

Ауғанстанға инфляция мен кедейлік қаупі төнді

© AFP 2024 / -Ауғанстан босқындары
Ауғанстан босқындары - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Жазылу
Есірткі де, контрабанда да болмайды. Ауғанстан енді апиын өсіретін ел емес, деп мәлімдеді "Талибан" қозғалысының өкілі

Ауғанстан билігіне келген "Талибан"* ел экономикасын да өз қолына алды. Есірткі тасымалының қарқынды екеніне қарамастан, соңғы онжылдықта бұл топ апиын мен героиннен басқа табыс көзін тапты. Тәлібтер өздерінің бақылауындағы аумаққа салық салып, көлік компаниялары мен ұялы байланыс операторларынан алым талап етті, сондай-ақ Пәкістан мен Парсы шығанағы елдерінен де ақша алып отыр. Бұл жылына шамамен бір жарым миллиард долларды құрайды, деп жазды РИА Новости.

"Есірткі де, контрабанда да болмайды. Ауғанстан енді апиын өсіретін ел емес", - деп мәлімдеді "Талибан" қозғалысының өкілі Дабихулла Муджахид.

Ол шетелден көмек қажет болатынын айтты.

Мұндай уәде бұған дейін бірнеше рет айтылған болатын. 2000 жылы исламшылар халықаралық аренадағы мойындауға қол жеткізуді көксеп, апиын көкнәрін өсіруге тыйым салды. Алқаптар жойылды. Расында да есірткі тасымалы айтарлықтай қысқарды. Алайда АҚШ Ауғанстанға басып кіріп, содырлар биліктен айырылған шақта, апиын, героин мен метамфетамин саудасы қайта жанданды.

Афганские беженцы и беспорядки в регионе: что нужно делать Казахстану - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2021
Видео
Ауғанстандық босқындар Қазақстанға ағыла ма? Одан қауіп бар ма – сарапшы пікірі

БҰҰ есірткі және қылмысты бақылау басқармасы (ЮНОДК) Ауғанстанды әлемдегі ең ірі апиын өндіруші деп санайды. Өткен жылы ондағы көкнәр өнімі 37 процентке өсті. Көкнәр егілген алқаптың жалпы аумағы 263 мың гектарға жетіп, рекорд орнатты.

ЮНОДК есебі бойынша, есірткі бизнесі тәлібтерге жылына 400 миллион доллар түсім әкеліп отыр.

Ұзақ уақыт бойы олар үшін бұл негізгі табыс көзі болды. Бірақ соңғы жылдары жағдай өзгерді – исамшылар өз экономикасын әртараптандырды.

Қозғалыс көшбасшыларының бірі молда Мұхаммед Якуб табыстың басқа әдістерін іздеуге шақырды. Содырлар минералды ресурстарға бай өңірлерді басып алуға кірісті. Ауғанстанда пайдалы қазба – мыс, боксит, темір руда, мрамор, тапшы литий көп. Алтын да бар. Мұның барлығы бірнеше триллион долларға бағаланып отыр. Көп кен орнына әлі адам қолы тимеген. Содырлардың қолына түскен кен орындары жылына 460 миллион доллар пайда әкеліп отыр.

БҰҰ мамырда тәлібтердің жыл сайынғы табысы 300 миллионнан 1,6 миллиард доллар аралығында екенін хабарлады. Олар бір ғана салықтың өзінен өткен жылы 160 миллион ақша тапты. Провинцияларды басып алу кезінде исламшылар жергілікті қазынаны қаңсытып, қару-жарақ пен броньді техниканы иеленді, кәсіпорындар мен халықтан ақша талап етті.

Олар коммуналдық қызмет үшін ақы және 10 процент шегіндегі салық енгізді, жүк тасымалы үшін алым жинап, кез келген бизнеске араласты. Сонымен қатар жанармай, темекі, азық-түлік, дәрі-дәрмек, бірінші қажеттіліктегі заттар тасымалы тағы бар. BBC News журналистері тәлібтерге Парсы шығанағы елдерінен – Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері мен Катардан да қаражат жіберілетінін бірнеше рет жазды.

"Тәлібтер қаржы имеприясын құрды, бірақ олар үкіметті басқарған кезде барлығы шатынайды", - деп болжады батыстық БАҚ.

Дәл солай болды. Исламшылар алдында алғашқы қиындықтар пайда болды.

Боевик Талибана* на улице Кабула - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2021
Әлем
Америкалық әскерилердің барлығы ауған жерінен кетті – тәлібтер тойлап жатыр

Жаңа биліктің уәдесіне сенбеген халық банкке ағылып, өз жинақтарын шешіп алды, деп жазды Bloomberg тілшісі. Бұл экономикағы үлкен нұқсан келтірді. Банкоматтарда ақша таусылып, баға қымбаттады. Көшеде адам азайып, дәріханалар жабылды.

"Банк жүйесі тұралап қалды. Ауғанстан – импортқа тәуелді мемлекет. Тәлібтер енді халықты асырап, мемлекеттік аппаратты қамтуы керек", - деді Заманауи Ауғанстанды зерттеу орталығының директоры Омар Нессар.

Мемлекеттік шығынның жетпіс бес процентке жуығы халықаралық көмек есебінен жабылып келді. Кабулға жылына төрт миллиард доллардан астам қаражат жіберіліп келді. Енді бұл ақшаға үміт артуға болмайды

Елден қашып кеткен Ауғанстан Орталық банкінің басшысы Аджмал Ахмадидің айтуынша, бұрынғы билік жинаған қаражаттың көп бөлігі республикадан тыс жерде сақтаулы. Валюта резервінің 9 миллиард доллардың жетеуі АҚШ-та сақталып тұр. Байден әкімшілігі бұл активтерді бұғаттап тастамақшы.

Ауғанстанға инфляцияның өсуі, ұлттық ақшалай бірліктің құнсыздануы және кедейліктің өршуі қаупі төніп тұр. Егер жаңа үкімет әлем қауымдастығының мойындауына қол жеткізбесе, оқшаулану болады. Бірақ Омар Нессар өңірдегі мемлекеттер тәлібтермен диалогқа барады деп ойлайды.

* Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым.

Жаңалықтар
0