Әлем

Америкалық әскерилердің барлығы ауған жерінен кетті – тәлібтер тойлап жатыр

© AFP 2024 / JAVED TANVEERБоевик Талибана* на улице Кабула
Боевик Талибана* на улице Кабула - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2021
Жазылу
Америкалықтардың Ауғанстаннан кетуі Талибан* қозғалысының өкілдері үшін соғыстың аяқталуын атап өтуге себеп болды

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз — Sputnik. Желіде америкалық әскерилердің ауған жерінен кетуін тойлап жатқан тәлібтердің фотосы тарады.

Бір күн бұрын АҚШ қорғаныс министрлігі Кабулдан кеткен соңғы америкалық әскеридің суретін көрсетті, деп жазды РИА Новости.

Суретте Ауғанстаннан кету үшін АҚШ Әскери-әуе күштеріне тиесілі С-17 ұшағының бортына көтеріліп жатқан генерал-лейтенант Крис Донахью бейнеленген.

Америкалық әскери қызметшілер кеткеннен кейін Талибан қозғалысының өкілдері олардың техникасын зерттеп, әскери киімдерін киген. Бұл суреттер Желіде тарап кетті.

Содырлар америкалық "Чинук" тікұшағын көру үшін Кабул әуежайындағы ангарға барған. Содан кейін тәлібтер аспанға оқ атып, ұзақ жылға созылған соғыстың аяқталғанына қуанған, деп жазды LA Times.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Los Angeles Times (@latimes)

Қазіргі уақытта Ауғанстанда елден кеткісі келетін 100-ге жуық АҚШ азаматы бар. Ал АҚШ-тың Ауғанстандағы дипломатиялық операциялары Катарға ауыстырылды.

Талибан* – Қазақстанда және бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.

Жаңалықтар
0