Оқиға

Көлік қиылыста тұрған: Қызылордада жедел жәрдемнің екі қызметкері көз жұмды   

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуДоставка пострадавших в больницу, архивное фото
Доставка пострадавших в больницу, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2021
Жазылу
"Toyota Land Cruiser"  автокөлігінің жүргізушісі көшелердің бірінде рөлге ие бола алмай, бағдаршам алдында тұрған жедел жәрдем автокөлігіне соғылған

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Қызылорда қаласында мас жүргізуші көше қиылысында тұрған жедел жәрдем көлігіне соғылды. Екі медицина қызметкері ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, 29 тамызда таңғы сағат 05:46 шамасында "Toyota Land Cruiser"  автокөлігінің жүргізушісі көшелердің бірінде рөлге ие бола алмай, бағдаршам алдында тұрған жедел жәрдем автокөлігіне соғылған.  

"Екі адам медициналық мекемеге жеткізілді. Бірақ сол жерде көз жұмды. Тексеру кезінде "Toyota Land Crusier" жүргізушісі орта дәрежеде мас болғаны анықталды. Оған қоса, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2016 жылғы қараша айындағы шешімімен 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған ", - дейді полицейлер. 

Алматыда LADA көлігі КамАЗ-дың астына кіріп кетті: жүргізушілер дін аман

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 346-бабы, 6-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, абайсызда екі немесе одан көп адам өліміне алып келген іс-әрекеттер) бойынша сотқа дейінгі тексеру шаралары басталды. Ал жүргізуші уақытша ұстау абақтасына  қамалды.

Жаңалықтар
0