Оқиға

Алматыда LADA көлігі КамАЗ-дың астына кіріп кетті: жүргізушілер дін аман

© Sputnik / СтрингерLADA мен КамАЗ бетпе-бет соқтығысты
LADA мен КамАЗ бетпе-бет соқтығысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2021
Жазылу
LADA Priora-ның жүргізушісі қатты жарақат алмады. Бір-екі жері ғана көгеріп қалған

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Алматы қаласында жүк пен жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысты, деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті. 

Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты 31 тамызда таңертең Алатау ауданында болған. LADA жүргізушісі Северное кольцо тас жолымен солтүстікке қарай жүріп бара жатқанда ұйықтап кеткен.

© Sputnik / СтрингерLADA мен КамАЗ бетпе-бет соқтығысты
Алматыда LADA көлігі КамАЗ-дың астына кіріп кетті: жүргізушілер дін аман - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2021
LADA мен КамАЗ бетпе-бет соқтығысты

Содан көлік алдымен бетон тосқауылға соғылды. Одан кейін жолдың қарсы бетінде келе жатқан КамАЗ-дың астына түсті.

Соққының қатты болғаны сонша, жеңіл көліктің жартысы мыжылып қалды. Бірақ ешкім зардап шеккен жоқ.

© Sputnik / СтрингерЕкі жүргізуші де жарақат алмады
Алматыда LADA көлігі КамАЗ-дың астына кіріп кетті: жүргізушілер дін аман - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2021
Екі жүргізуші де жарақат алмады

LADA Priora-ның жүргізушісі де қатты жарақат алмады. Бір-екі жері ғана көгеріп қалған.

Полиция департаменті жол апаты бойынша тергеу шаралары бастауды жоспарлап отыр. Қазіргі кезде көлік жүргізушілері медициналық тексеріске жіберілді.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында 11 көлік соқтығысты: желіде видеосы тарады

Жаңалықтар
0