Әлем

Франция мен Германиядағы сайлауға босқындар мәселесі әсер етуі мүмкін

© AFP 2024 / -Афганский мальчик проходит мимо пакистанских военных, охраняющих границу между странами
Афганский мальчик проходит мимо пакистанских военных, охраняющих границу между странами  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2021
Жазылу
Бүгін Еуроодақ елдері ішкі істер министрлігінің басшылары ресми түрде шұғыл кездесу ұйымдастырып, шамамен сегіз-он екі аптадан кейін шекараға жетуі тиісті ауған босқындарының жаңа легіне қатысты қабылданатын шаралар жайын талқылауы керек

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Ауған жерінен мыңдаған километрді жүріп өтіп, батысқа бас сауғалаған босқындар шекараға жеткенде, "қақпа жабық болуы" әбден мүмкін, деп жазды РИА Новости.

Сол шақта Париж, Берлин және бастысы Брюссельде билікте болғандар миллиондаған босқындарды орналастыру бойынша Еуропа мүкіндіктерін асыра бағалаған еді. Қазір Еуропа элитасы осыған қатысты қоғам нарызылығын анық сезініп отыр.

Бір жыл бұрын француздардың беделді IPSOS зерттеу компаниясы ұсынған деректер Франция тұрғындарының үштен екісі өз елінде өздерін бөтен сезінетінін растап отыр.

Люди в аэропорту Кабула - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2021
Әлем
Ауғанстанда ұшаққа жармасып елден кетпек болған адамдар биіктіктен құлап кетті – видео

Кеше, 20 жылдан кейін америкалықтардың ауған жерінен біржолата кетуі қарсаңында Франция Ұлыбританиямен бірлесіп, эвакуациялау жоспарын мейлінше паш етуге тырысып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің талқылауына резолюция жобасын енгізді. Ол париждік және лондондық дипломаттардың пікірінше "ауғандарды эвакуациялау бойынша іс-жоспарды" күшейтуі керек.

Алайда Макрон бұл сөзін аяқтап үлгерместен, Талибан* қозғалысы өкілінің ресми жауабы жарияланды. Ол бүгінде Ауғанстандағы жағдайды бақылап отырғандар мұны іске асыруға жол бермейтінін, себебі, "дәл осы ахуал басына түссе, Франция да сырттан басқа тараптың араласуына жол бермейтінін" атап өтті.

Жексенбінің кешінде француздардың президенті тағы бір сұхбат кезінде мұндай өткір пікір білдіруден аулақ болды. Ол барынша адамгершілік құндылықтарын сақтап қалуды жақтайтынын көрсетіп, алдағы сайлауға көбірек алаңдайтынын жеткізді.

Бірақ президент Макрон "қазіргі жағдайда әр тарап өзіне тиесілі жауапкершілікті сезінуі керек" екенін айтып, Мәскеу мен Бейжіңді келісілген әрекеттерді орындауға шақырды.

Билік тізгінін басқа тұлғаға тапсыруына 26 күн қалған Меркель бундестаг сайлауында өз партиясының оқ бойы озық шыққанын көксейтіні анық. Канцлер қазір өткір мәлімдеме жасаудан бойын аулақ ұстап отыр. Ол сондықтан жария декларациядан бас тартты.

Неміс БАҚ қанша жазғанмен, бір жарым миллион сириялықтардың ассимиляциясына қатысты жағдай қуантарлықтай емес еені белгілі. Тағы бір неміс канцлері Отто Бисмарк айтқандай, сяасат барлық мүмкіндікті қарастыруды қажет ететін әдіс. Бірақ бүгінде ымыра іздеп, келісімге келуді көздейтін саясаттың ойын алаңына айналып кеткені қынжылтады.

Касым-Жомарт Токаев на учениях Кайсар-2021 - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2021
Өңірлер
Тоқаев Ауғанстандағы ахуал туралы: тікелей қауіп төндірмейді, бірақ қатер бар

Эммануэль Макрон сайлауалды бағдарламасында түрлі мәселелерді қарастырды. Алайда Марин Ле Пен бірінші тур бойынша біршама озық шықты.

"Ұлттық бірлестік" көшбасшысы ұсынған заңсыз миграцияны шектеу бойынша идеяны Макрон да өз қажетіне жаратуды көксеп отыр. Себебі ауған жеріндегі қазіргі жағдай аясында бұл француздарды толғандырып әрі мазалап отырған бірінші мәселе болып отыр.

Қалай болғанда да демократия сәулет құрған елде сайлаушылар жасандылық пен жалғанға құрылған уәдені халқы мен еліне шын жанашыр кандидаттан ажырата алатыны және соны қолдап дауыс беретіні анық.

*Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым.

Жаңалықтар
0