Әлем

Өзбекстан өз аумағына босқындарды кіргізбейді - сыртқы істер министрлігі

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуӨзбекстан Республикасының мемлекеттік туы, архив сурет
Өзбекстан Республикасының мемлекеттік туы, архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2021
Жазылу
Шекараны кез келген себептерге қарамастан заңсыз кесіп өткендер Өзбекстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі "Ауғанстандағы босқындар үшін ел шекарасы ашық" деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Ресми мәлімдемеге сәйкес, қазіргі күні шекара жабық. "Термез" бақылау пункті арқылы өту мүмкін емес.

Өзбекстан шекарасы арқылы Ауғанстандағы өзге елдердің азаматтарын эвакуациялау тек әуе жолымен жүзеге асырылуда.

"Шекараны кез келген себептерге қарамастан заңсыз кесіп өткендер Өзбекстан Республикасының заңнамасы бойынша жауапқа тартылады. Соңғы 12 күнде Өзбекстан Ауғанстаннан өз азаматтарын эвакуациялап жатқан бірқатар елдің гуманитарлық операцияларын тек әуе жолы арқылы жүзеге асыруға рұқсат етті", - делінген хабарламада.

Ведомстводағылар Ташкент Ауғанстанның ішкі мәселесіне араласпайтынын және ол елдің босқындарын қабылдамайтынын мәлімдеді.

"Сыртқы істер министрлігі Өзбекстан Республикасы ауған босқындарын қабылдамайтынын, тек әуе жолы арқылы қатаң түрде белгіленген уақыт аралағындағы транзитке көмектесетінін мәлімдейді. Өзбекстан Ауғанстанмен достық қарым-қатынаста және көрші елдің ішкі мәселесіне араласпайды", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Германия, Польша, Венгрия Ауғанстан аумағындағы азаматтарын Өзбекстан арқылы эвакуациялауда.

Оқи отырыңыз: БҰҰ бас хатшысы барлық елді ауған босқындарын қабылдауға шақырды

Жаңалықтар
0