Әлем

БҰҰ бас хатшысы барлық елді ауған босқындарын қабылдауға шақырды

© AP Photo / Rahmat GulАфганская девочка выглядывает сквозь прореху в палатке в лагере беженцев
Афганская девочка выглядывает сквозь прореху в палатке в лагере беженцев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2021
Жазылу
БҰҰ басқа мемлекеттер билігінен елінен қашуға мәжбүр болған Ауғанстан азаматтарын депортациялаудан бас тартуды сұрады

АЛМАТЫ, 17 тамыз – Sputnik. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш барлық елді Ауғанстаннан босқындарды қабылдауға шақырды.

"Мен барлық елді Ауғанстаннан босқындарды қабылдауға және оларды депортациялаудан аулақ болуға шақырамын", - деді Гутерриш БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында.

Бас хатшы Ауғанстандағы жағдай жүздеген мың адамды үйінен кетуге мәжбүр еткенін жекізді.

Оның ойынша, Талибан* қозғалысының содырлары елдегі адамдарды құтқару үшін ұстамдылық танытып, барлық тараптан Ауғанстанға гуманитарлық көмекке кедергісіз қол жеткізуге мүмкіндік беруді сұрады, деп хабарлайды "Известия".

Ауғанстанда не болып жатыр

16 тамызға қараған түні Талибан* Ауған астанасы – Кабул қаласын бақылауға алғанын және соғысты тоқтатқанын мәлімдеді. Олар Ауғанстанның бүкіл аумағын, сондай-ақ президент сарайын бақылауға алды.
Әлемдік қауымдастық қарапайым ауғандықтардың өмірі үшін жауапкершілікті Талибанға* жүктеді.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті. Соңғы мәлімет бойынша ол әйелімен бірге Оманға келді.

Талибан* радикалды қозғалысының содырларына жергілікті ауғандықтарға зиян келтірмеу, олардың өмірін, мүлкін және абыройын қорғау туралы бұйрық берілді, деді Катардағы Талибан* саяси кеңсесінің өкілі Сухейль Шахин. Сондай-ақ Талибан* Ауғанстандағы оқу орындарының жұмысына биліктің ауысуы кезінде кедергі жасамайтынын мәлімдеді.

Қазақстан жағдайды қалай қабылдады

Қазақстан СІМ мәліметінше, Ауғанстанда елшіліктің бірнеше қызметкерінен басқа Қазақстан азаматы жоқ. Бұған дейін елші Кабулда жұмысын жалғастырып жатқаны хабарланды. Қызметкерлердің бір бөлігі Ауғанстаннан шығарылды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша екі кеңес өткізді. Президент құзырлы мекемелерге Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты бақылауда ұстауды тапсырды. Бұл осы елмен бұдан былайғы ынтымақтастық бойынша шешім қабылдау үшін аса маңызды.

Ел елдің сыртқы істер министрлігі Қазақстанның 70 мыңға жуық ауған босқынын қабылдайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысы Ауғанстан босқындарына қатысты шешім қабылдамағанын айтты.

"Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұған қатысты тараған ақпарат негізсіз. Дүниежүзілік ұйым басшылығы ресми өтініш білдірген жағдайда БҰҰ қызметкерлеріне ғана көмек көрсетіледі", - деп жазды Уәли.

Талибан* шетелдік дипломатиялық миссия қызметкерлеріне зиян тигізбеуге уәде берді. Алайда Германия мен Канада өз азаматтарын шұғыл түрде шығарып жатыр.

Алпыстан астам елдің бірлескен мәлімдемесінде 60-тан астам ел Ауғанстаннан кеткісі келетін шетелдіктер мен ауғандықтардың кетуін қамтамасыз етуге шақырды делінген. Олар Ауған жолдарын, әуежай мен шекараны ашық ұстауға және тыныштық сақтауға шақырды.

Тәлібтер режимінде өз өмірі үшін қорқатын Ауғанстан азаматтары елден кетуге тырысып жатыр. Дәл қазір оның жалғыз жолы – эвакуациялық рейстер.

Сонымен қатар шілдеде БАҚ АҚШ-тың Тәжікстан, Қазақстан және Өзбекстаннан америкалықтарға науқан кезінде көмектескен 9 мыңға жуық ауғандықты уақытша қабылдауды сұрағаны туралы жазды. Алайда 15 тамызда Қазақстанның СІМ Ауғанстаннан босқындарды орналастыру туралы ақпаратты жоққа шығарды.

*Талибан – Ауғанстандағы билікті басып алған діни экстремистік ұйым. Оған Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған.

Жаңалықтар
0