Экономика

Семей полигонының жабылғанына – 30 жыл: коллекциялық монеталар айналымға шығады

© Photo : Ұлттық банктің баспасөз қызметіСемей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай шығарылған монета
Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай шығарылған монета  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Коллекциялық монета дизайнының тұжырымдамасы ядролық сынақтардың тарихын суреттейді

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Ұлттық банк Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай коллекциялық монеталарды айналымға шығарады.

Номиналы 500 теңгелік монеталар күмістен жасалған, таралымы – 5000 дана.  100 теңгеліктер нейзильбер қоспасынан дайындалған, 100 000 данасы шығарылды.

Монеталарды шығару Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орайластырылған.

Монета дизайнының тұжырымдамасы ядролық сынақтардың тарихын суреттейді. "Саңырауқұлақ" түріндегі ядролық жарылыстың стильдендірілген бейнесі екі бөліктен тұрады. Сол жақ бөлігі ядролық сынақтардың тарихын бейнелейді және құрбан болған адам өмірі мен шырғалаңға түскен тағдырын бейнелейтін сынық кескіндер түрінде берілген. Оң жақ бөлігі зардап шеккен табиғаттың символы ретінде құрғақ ағаштың стильдендірілген бейнесінде жасалған. Кеуіп кеткен ағаш бұтағындағы жасыл жапырақтың бейнесі – қайта өрлеу мен қылаң берген үміт белгісі.

© Photo : Ұлттық банктің баспасөз қызметіСемей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай шығарылған монета
Семей полигонының жабылғанына – 30 жыл: коллекциялық монеталар айналымға шығады - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2021
Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай шығарылған монета

Монеталардың аверсінде орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, айналдыра мемлекеттік тілде QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY деген жазу, жоғарғы бөлігінде Қазақстан Ұлттық банкінің логотипі орналасқан.

Тағы оқыңыз: Ұлттық банк "Белка. Стрелка" және "Сүндет той" коллекциялық монеталарын шығарды

Монетаның реверсінде "саңырауқұлақ" түріндегі ядролық жарылыстың стильдендірілген бейнесі бар. Монетаны айналдыра SEMEI IADROLYQ POLIGONYNYŃ JABYLǴANYNA деген жазу, ортасында оқиғаның мерейтойлық күнін білдіретін 30 JYL және "1991-2021" деп көрсетілген.

"Номиналы 500 және 100 теңгелік коллекциялық монеталар төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстан аумағында қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға міндетті. Сонымен бірге барлық банкте шектеусіз ұсақталады және айырбасталады", - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Монеталарды сату күні туралы ақпарат кейінірек Ұлттық банк сайтында жарияланады.

Жаңалықтар
0