Қоғам

Садыр Жапаров қазақстандықтарға көңіл айтты

© Sputnik / Табылды КадырбековСадыр Жапаров
Садыр Жапаров - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2021
Жазылу
Апат салдарынан зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуіне тілекшіміз, деді Садыр Жапаров

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров қазақстандықтар мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі жарылыс кезінде қаза болғандарға байланысты көңіл айтты.

"Адам өліміне әкеліп соққан жарылыс туралы хабарды естігенде қабырғам қайысты. Қырғыз Республикасы және өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтамын. Апат салдарынан зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуіне тілекшіміз. Қайғыларыңызға ортақпыз", - деп жазылған Қырғыз Республикасы президентінің ресми сайтында.

Естеріңізге сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысының әскери бөліміндегі оқ-дәрілер қоймасында жарылыс болып, бес адам қайтыс болды. 

Оқи отырыңыз: Тараз түбіндегі жарылыс: өрт сөндіруге аттанған бірнеше қызметкер жоғалып кетті

 

Жаңалықтар
0