Оқиға

Тараз түбіндегі жарылыс: өрт сөндіруге аттанған бірнеше қызметкер жоғалып кетті

© Sputnik / СтрингерЖарылыс
Жарылыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2021
Жазылу
Инженерлік оқ-дәрі сақталған қоймадағы жарылыстан бес әскери қызметші қаза болды

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасындағы жарылыс кезінде жоғалған бірнеше қызметкер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Байланысқа шықпаған бірнеше қызметкерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деді төтенше жағдай министрі Юрий Ильин брифингте.

Бұған дейін ТЖ министрлігі жарылыс пен өрт салдарынан 90-ға жуық адам зардап шеккенін хабарлады. Оның 49-ы – ТЖ департаментінің қызметкерлері.

Сондай-ақ қорғаныс министрлігі қоймадағы жарылыстан бес әскери қызметші қаза болғанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта ауруханада 28 адам жатыр. Олардың барлығы дерлік әскери бөлімнің қызметшілері. Медициналық көмек көрсету шараларына Тараз гарнизонының әскери госпиталі де тартылды.

Тараз маңындағы апат

26 тамыз кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери бөлімнің қоймасында өрт шығып, артынша жарылысқа ұласты. Анықталғандай, қоймада инженерлік оқ-дәрі сақталған.

Жақын маңдағы елді мекен тұрғындары Тараз қаласына эвакуацияланды.  

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, қойма әдейі өртелуі де мүмкін.

Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодекстің 462-бабы (Қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде жалған ақпараттардың таратылуына байланысты Қылмыстық кодекстің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша да тергеу басталды.

Әскери бөлімдегі төтенше жағдайдан кейін қорғаныс министрі отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. 

Жаңалықтар
0