https://sputnik.kz/20210827/Taraz-zharylys-ministr-otstavka-17965995.html
Нұрлан Ермекбаев отставкаға кететінін мәлімдеді
Нұрлан Ермекбаев отставкаға кететінін мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
Министр отствкаға кету туралы шешімді Тараздағы жарылыс туралы естігеннен кейін бірден қабылдағанын мәлімдеді 27.08.2021, Sputnik Қазақстан
2021-08-27T10:16+0500
2021-08-27T10:16+0500
2022-02-01T13:05+0500
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/16/15802061_0:0:1200:678_1920x0_80_0_0_005e5c48be4251a997c7d9609524e923.jpg
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/16/15802061_0:0:1200:754_1920x0_80_0_0_4241745f289cf6144ad7bffd12ed5923.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери бөлімдегі жарылыс, нұрлан ермекбаев
әскери бөлімдегі жарылыс, нұрлан ермекбаев
Нұрлан Ермекбаев отставкаға кететінін мәлімдеді
10:16 27.08.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Министр отствкаға кету туралы шешімді Тараздағы жарылыс туралы естігеннен кейін бірден қабылдағанын мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Тараз маңындағы әскери бөлімде болған жарылыстан кейін отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Мұны Sputnik Қазақстанға қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады.
"Қорғаныс министріне қазіргі таңда төтенше жағдайдың салдарын жою маңызды. Содан кейін ол отставкаға өтініш беруге дайын. Бірақ шешімді мемлекет басшысы қабылдайды", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Желіде тараған видеода министр отствкаға кету туралы шешімді Тараздағы жарылыс туралы естігеннен кейін қабылдағанын мәлімдеді.
"Мен осы хабарды естігеннен кейін бірінші минутта өзім үшін шешім қабылдадым. Мен отставкаға беремін, отставканы сұраймын. Қалғанын жоғары басшылық шешеді", - деді Ермекбаев.
Еске салсақ, 26 тамызда кешке Жамбыл облысында әскери бөлімнің қоймасында өрт басталды. Артынша оқ-дәрі жарылды. Төтенше жағдай салдарынан төрт әскери қызметші қаза болды. Жақын маңдағы ауыл тұрғындары Таразға көшірілді.