Әлем

Ресейдің Солтүстік флоты қанатты зымыранмен толығады

© Sputnik / Александр Гальперин / Медиабанкке өтуФрегат "Адмирал флота Касатонов"
Фрегат Адмирал флота Касатонов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2021
Жазылу
"Цирконның" тактикалық-техникалық сипаттамасының басым бөлігі құпия. Әйтсе де оның рекордты жылдамдығы сағатына 10 мың километрден асатыны немесе шамамен 9 Мах екені белгілі

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Ресей Әскери-теңіз флотының кемелері мен суасты қайықтары жақын уақытта соққы жасау мүмкіндіктерін арттырады. Елдің қорғаныс министрлігі машина жасау ғылыми-өндірістік бірлестігімен "Циркон" гипердыбысты зымырандарын жеткізу бойынша келісімшартқа қол қойды. Бұл техника 2022 жылы флотқа беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы РИА Новости жазды.

Тамыздың ортасында АҚШ Қарулы күштері стратегиялық қолбасшылық басшысы Чарльз Ричард жыл сайынғы ғарыш қорғанысы жөніндегі симпозиумда ресейлік гипердыбысты технологиялар НАТО қаруымен бәсекелесе алатынын мойындады. Оның айтуынша, "Циркон" Ресейге теңіздегі қақтығыс кезінде үлкен басымдық береді.

Американский эсминец Джон Маккейн, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2021
Large Scale Exercise 2021: АҚШ ірі әскери оқу-жаттығу өткізіп жатыр
"Біздегі жерде және ғарышта орналасқан датчиктер жүйесі бұл зымырандарға анықтау және бақылау жүргізе алмауы мүмкін. Ресей бүгінде гипердыбысты технологиялар дайындау бойынша үлкен жетістікке жетті. Бұл ел жылдамдығы жоғары ұшатын глайдер-аппараттарды әзірлеуге қаражат құюды жалғастырып жатыр. Егер біздегі қорғаныс өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар қарсы тұру әдістерін аз уақытта ойлап таппаса, НАТО елдерінің флоттары әлсіреп қалуы мүмкін", - деді Ричард.

Батыстағы әскерилер, саясаткерлер мен журналистер "Циркон" жайлы көп айтады. Солтүстікатлантикалық альянс бұл қарудың сәтті сынағына алаңдаушылық танытып отыр.

Мысалы, біраз бұрын Пентагонның баспасөз хатшысы Джон Кирби ядролық қарумен жабдықталуы мүмкін ресейлік гипердыбысты кешендерді жоғары бағалап, соғыс жағдайында қаупі жоғары техника рөлін атқаратынын айтты. Оның айтуынша, АҚШ-та мұндай зымыран тек ядролық қарусыз үлгіде дайындалып жатыр.

Қанатты зымыранның тактикалық-техникалық сипаттамасының басым бөлігі құпия сақтаулы. Әйтсе де оның рекордты жылдамдығы сағатына 10 мың километрден асатыны немесе шамамен 9 Мах екені белгілі. Ұзақтығы – мың километр. Маршты учаскедегі ұшуы – ауа кедергісі қатты емес 30-40 километр биіктікте. Соққы жасаушы бөлігінің салмағы – шамамен 450 килограмм.

"Батыс елдерінің флотында "Цирконды" анықтайтын және тежейтін әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс жүйесі әзірше жоқ. Олардың кемеге арналған зениттік-зымыранды кешендері дыбысқа дейінгі және дыбыстан жоғары кемеге қарсы зымырандарға арналған. Бірақ гипердыбысты техникаға қарсы қауқарсыз. Оқ атудың үлкен қашықтыққа ұша алуы біздің кемелерге су үстіндегі және су астындағы нысандарды тиісті аймаққа кірмей-ақ оңай жоюға мүмкіндік береді. Бұл бұйымдардың сериялық өндірісі басталғаннан кейін отандық флот болашаққа үлкен қадам жасайды", - деді Халықаралық қару саудасына талдау орталығының директоры Игорь Коротченко.

Стратегиялық  бомбардировщик-ракета жеткізуші Ту-95МС - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2021
Ресей әуеде тәулік бойы ұшатын әскери ұшақ дайындауға кірісті
"Циркон" зымыраны П-800 "Оникс" пен "Калибр" кемеге қарсы зымырандарының іске қосу қондырғыларынан ұшырыла береді. Теория бойынша "Буян-М" мен "Каракурт" жобаларының шағын зымырандары да тасымалдағыш бола алады. Сондықтан шағын кеменің өзі авиатасымалдаушылар үшін үлкен қауіпке айналады.

Соққы жасау кешенін жау кемелеріне бағыттаумен автоматтандырылған жаңа басқару жүйесі айналысады. Бұл жүйе жақында ғана Солтүсік флоттың ауқымды оқу-жаттығулары кезінде сынақтан өтті. "Известия" басылымы хабарлағандай, маневрлер кезінде Ту-142 ұшақтарынан құралған екі экипаж соққы жасаушы кемеге шартты қарсылас туралы ақпарат жолдап, жүз километр қашықтықта зымырандарды бағыттады.

Автоматтандырылған басқару жүйесі өз бетінше әлдеқайда маңызды нысандарды анықтап, сәйкес қаруды таңдады. Бұл жүйе басқаруындағы кемелер "Цирконнан" бөлек тағы "Яхонт", "Вулкан" және "Калибр" сынды алдыңғы буынға жататын қанатты жүйелерді қолдана алады.

Гипердыбысты зымыран жобасына 2010 жылы кіріскен болатын. Алғаш рет бұл жоба жайында 2018 жылы Владимир Путин жария етті. Ол уақытқа дейін су үстіндегі және су астындағы тасымалдағыштардан ондаған ұшыру орындалды.

Ресейдің қорғаныс министрлігі уақыт өте келе "Циркон" 1980 жылдардың ортасынан бері қарулануда тұрған П-700 "Гранит" техникасын алмастыратынын айтты. 22350 жобасының фрегаттары, 1144 жобасына жататын "Петр Великий" мен "Адмирал Нахимов" ауыр атом крейсерлері, сондай-ақ 885М және 949АМ жобасының көпмақсатты атомды суасты қайықтары жаңа соққы жасаушы кешенмен жабдықталады. Ең алдымен "Циркон" Солтүстік флотқа беріледі.

Жаңалықтар
0