Өңірлер

Әскери бөлімдегі төтенше жағдай: 10 мыңға жуық жолаушы жолдан қалды

© Sputnik / Тимур БатыршинПоезд подъезжает к вокзалу
Поезд подъезжает к вокзалу - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2021
Жазылу
Инфрақұрылымға комиссиялық тексеру жүргізіліп, жолдың, байланыс желісінің бүлінгені анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысында әскери бөлімде болған жарылыстың салдарынан Тараз - Шу учаскесіндегі Үшбұлақ-Ақшолақ аралығының екі жолы да түні бойы жабық тұрды.

Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2021
Қоғам
Тоқаев Жамбыл облысында болған жарылысқа байланысты шұғыл жиналыс өткізді
Пойыздар қозғалысы 20.10-да тоқтатылған. Бүгін сағат 08-00-ден 09-00-ге дейінгі кезеңде инфрақұрылымға комиссиялық тексеру жүргізіліп, жолдың, байланыс желісінің бүлінгені анықталды. Зақым 11.00-де жойылды. Қазір инфрақұрылым пойыздардың қозғалысына толықтай дайын, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

9956 жолаушысы бар 19 жолаушылар пойызы кідіріп тұрған болатын. Оның ішіндегі 2198 жолаушы Тараз-Ақшолақ станциялары аралығына автобустармен жөнелтілді. 531 адам өздері ерікті түрде кетті. Автобуспен жүргенде Тараз-Ақшолақ станцияларының арасы 41 шақырым, жолға шамамен 40 минут уақыт кетеді.

Вокзалдар мен пойыздарда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жол жүру құжаттарын қайтару және пойыздардың кешіккені үшін төленетін өтемақы белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Қазіргі уақытта 2,5 миллион теңге сомасына 1048 жол жүру құжаттарын қайтару рәсімделді.

Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда жедел әрекет ету үшін инфрақұрылым қызметкерлерінің мобильді бригадалары, сонымен қатар екі өрт сөндіру пойызы дайын тұр (біріншісі оқиға орнынан 15 шақырым жерде, екіншісі Түрксіб (Луговая) стансасында).

Жаңалықтар
0