Өңірлер

Маңғыстауда бірнеше шенеунік ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2021
Жазылу
Су құбырының құрылысына бөлінген қаржы талан-таражға салынған, соның салдарынан ауыл халқы төрт жылдан бері техникалық суды тұтынып жүр

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысында су құбырын салуға бөлінген бюджет қаржысын жымқырғаны үшін екі шенеунік пен кәсіпкер ұсталды. Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

Ақша, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2021
Өңірлер
Шығыс Қазақстанда әкім орынбасары пара алғаны үшін ұсталды
"Маңғыстау облыстық экономикалық тергеу департаменті облыстық құрылыс басқармасының басшысы Шабай Тәжіғараевты, Бейнеу аудандық құрылыс бөлімінің жетекшісі С.Х. Бисеновты және мердігерлік компанияның директоры Б.К.Саралтаевты ұстады", - деп жазды Еділов өзінің ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, үшеуі Бейнеу ауданындағы Саға кентінің халқын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін бюджеттен бөлінген 200 миллион теңгені жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Ауылда 1 500 адам тұрады. 

Су құбырының құрылысы 2017 жылы басталған. Алайда ауыл халқы әлі күнге дейін автоцистернамен жеткізілетін техникалық суды пайдаланып жүр.

Жаңалықтар
0