Өңірлер

Шығыс Қазақстанда әкім орынбасары пара алғаны үшін ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, архивтегі сурет
Ақша, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2021
Жазылу
Аудан әкімінің орынбасары кәсіпкерден екі миллион теңгеге жуық пара алған

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті аудан әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады.

Шенеунік кәсіпкерден 1 800 000 теңге,  яғни айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді.

Күдікті қамауға алынды. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді.

Аудан әкімі орынбасарының кінәсін анықтайтын үкімді сот шығарады.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында лауазымды тұлғалардың қылмысы әшкереленді

Бұған дейін энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің лауазымды тұлғалары жемқорлық қылмысын жасағаны анықталды.

Департамент басшысы өзіне бағынышты бас маманның делдалдығы арқылы Талғар АЭЖ қызметкерінен электр энергетикасы саласындағы тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды бергені үшін ірі мөлшерде пара алған.

Жаңалықтар
0