Әлем

Аргентина ғалымдары "Спутник V" вакцинасына зерттеу жүргізді

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуАмпула с однокомпонентной вакциной "Спутник Лайт"
Ампула с однокомпонентной вакциной Спутник Лайт  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2021
Жазылу
Аргентина ғалымдары вакциналаудан кейін жарты жыл ішінде SARS-CoV-2 вирусының мутацияларына қарсы ағза қорғанысы артатынын анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Ресейлік "Спутник V" вакцинасын салғызғаннан кейін жарты жыл ішінде коронавирус инфекциясына қарсы қорғаныс бірте-бірте арта бастайды. Аргентина ғалымдары осындай қорытынды жасады. Зерттеумен medrxiv.org порталында танысуға болады.

Сынақ жүргізуге түрлі институттар мен медицина мекемелерінің мамандары тартылды. Оның ішінде денсаулық сақтау министрлігі, Буэнос-Айрес университеті, Сент-Луистегі Вашингтон университеті де бар.

Зерттеушілер ресейлік вакцинаны салғызған адамдардың қан сарысуының 1,8 мың үлгісін зерттеді. Қан үлгілері осы жылдың қаңтарынан тамызына дейінгі аралықта алынған. Ғалымдар антиденелердің түзілуі мен олардың "альфа" (британдық), "бета" (оңтүстікафрикалық), "гамма" (бразилиялық), "дельта" (үнді) және Перуде анықталған "лямбда" штамдарына төтеп беру қабілетін бақылады.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда "Спутник V" вакцинасының тағы 2 млн дозасы шығарылады 

Аргентиналықтар жүргізген зерттеудің үзіндісін Ресейдің тікелей инвестициялар қоры препаратқа арналған сайтта жариялады. Хабарламада "ұзаққа созылатын бейтараптандырушы антиденелердің өсуі және олардың бейтараптандырушы әсерінің ұлғаюы нәтижесінде" мутациясы бар коронавирус штамдарына қарсы қорғаныс вакциналаудан кейінгі жарты жыл ішінде артатыны жазылған. Әсіресе бұл әсер "бета" мен "гамма" штамдарына қатысты байқалған.

Аргентиналық ғалымдардың зерттеуі вакциналаудан кейін 120 күн өткен соң антиденелердің бейтараптандырушы қабілеті екпеден кейінгі 42 күннен соң айтарлықтай жоғары болатынын растады.

"Спутник V" вакцинасы Аргентинада өткен жылдың желтоқсанында тіркелді. Аргентина – Ресей мен Беларусьтан кейін ресейлік вакцинаны қолдануға рұқсат берген үшінші ел.

Жаңалықтар
0