Денсаулық

Қарағанды кешені "Спутник V"-дың тағы 2 млн дозасын шығарады

© Sputnik / Тимур Батыршин Вакцинация в ТРК Mega Center Alma-Ata
 Вакцинация в ТРК Mega Center Alma-Ata - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2021
Жазылу
Бұған дейін кешен Қазақстан азаматтарына арналған вакцинаның 5 миллион дозасын шығарған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз — Sputnik. Қарағанды фармацевтикалық кешені тамыз-қыркүйек айларында қазақстандық нарыққа "Спутник V" вакцинасының 2 млн дозасын ұсынады. 

"Кешен мен "СК-Фармация" арасында тиісті келісімге қол қойылды. Орындау мерзімі - 2021 жылдың тамыз-қыркүйек айлары", - делінген хабарламада. 

Бұған дейін кешен Қазақстан азаматтарына арналған вакцинаның 5 миллион дозасын шығарған болатын.

"Спутник V" - коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік препарат. 

Ақпан айында Қазақстан "Спутник V" вакцинасын тіркеп, Қарағанды фармацевтикалық кешенінде шығара бастады. 

Бұл вакцина тұрғындардың жалпы саны 3,5 миллиард адамнан асатын 67 елде мақұлданды.

Жаңалықтар
0