Саясат

Украинадағы дағдарыстың шешімі бар ма

© REUTERS / Valentyn OgirenkoПолтава облысындағы жағдай, Украина
Полтава облысындағы жағдай, Украина - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2021
Жазылу
24 тамызда Украина тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтті. Украина дағдарысы бәрі ойлағандай 2004 немесе 2014 жылдан кейін емес, тәуелсіздік жариялаған тұста басталған еді

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз - Sputnik, Ростислав Ищенко. Сол кезде кеңестік республиканың басшылары азаматтық принципке негізделген заманауи мемлекет құру туралы жария етті. Бірақ іс жүзінде олар мүлде басқа бағытты ұстанды. Осы таңдау одан кейінгі таусылмас проблемаларға алып келді.

Жергілікті орыс қауымдастықтарына бірден қырын қараған Латвия мен Эстониядағыдай емес, украин ұлтшылдары оларға асықпай, біртіндеп қысым көрсете бастады.

Сондықтан Балтық маңы елдері мемлекет құру кезіндегі әлсіз саяси дағдарысты бастан өткеріп, жергілікті орыстардың қарсылық көрсетуін дер кезінде басып-жанши алды. 90-шы жылдардың басында Ресей саяси әлсіз, экономикалық тұрғыдан тартымсыз болды. Сондықтан Балтық маңындағы орыстардың басым бөлігі қалай болғанда да жергілікті қауымға сіңісуге тырысты.

Флаг Украины - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2021
Отыз жылдан кейінгі Украина: таңдау жасаудағы қиындық

Украинада мүлде басқа жағдай қалыптасты. Заңнамалық деңгейде ұзақ уақыт бойы орыстардың құқығы тапталған жоқ. Украинизация бірқалыпты жүргізілді және халықтың басым бөлігі оны сезінген жоқ. Бұл ұзақ уақыт бойы этникалық бейбітшілікті сақтауға және жергілікті орыстарды ерікті негізде украиндерге айналдыруға мүмкіндік берді.

Бірақ Ющенко президент болған 2005 жылдан бастап мемлекет БАҚ-тағы, мәдениет пен өнер саласындағы тіл квотасын заң түрінде рәсімдеп, іске асыруды бастады. Лауазымды тұлғалар Украинаның ірі қалаларының көшелерінде орыс тілділердің көп екенінен нарызылық білдірді. Білім беру жүйесін үдемелі түрде украинизациялау басталды. Украина астанасындағы орыс мектептері элиталы білім ордаларына айналды. Себебі төрт миллион (ресми дерек бойынша 2,6 миллион) халқы бар қалада оннан аз мектеп қалды. Украинаның батысында орыс тіліндегі білім іс жүзінде толығымен тоқтатылды. Мемлекеттік үгіт-насихат Украинада ұзақ жыл жүргізіліп, украин тілін үйренеген адамдардың бойында ұят пен өзін төмен санау сезімін тудыра бастады.

Жалпы Украинадағы орыстілді азаматтардың басым бөлігі украин тілін жақсы білді. Себебі бұл тіл мектеп қабырғасынан бастап міндетті түрде оқытылатын. Алайда қысым басталғаннан кейін олар украин тілін тұрмыста қолдануға көшті. Жалпы мемлекет осы бағыттағы қарқынды одан бетер күшейтіп, нәтижесінде майданның тіпті орыстілді белсенділері де наразылық таныта бастады. Соның салдарынан онсыз да шиеленіскен украиндік этносаяси жағдай одан бетер ушыға түсті.

Қазақстан елшісі Дархан Қалетаев Украина президенті Владимир Зеленскийге сенім грамоталарын табыстады - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2020
Саясат
"Украина мұны ұмытпайды": Зеленский Қазақстанға не үшін алғыс айтты

Мемлекет құру мәселесінде осындай күрделі жағдай қалыптасқан елде тұрақтылық лебі әлі сезілмейді. Оның үстіне мемлекет тізгінін ұстап отырған лауазымды тұлғалар, партиялар, жалпы ықпалды белсенділер арасындағы текетірес те жағдайды ушықтырып отыр. Украинизация үшін күрес экономиканы құлдыратып жіберді.

Қоғамның алдында тұрған проблема да азаяр емес. Жұмыс орындарының тапшылығы, жалақы деңгейінің төмендеуі және азық-түлік бағасының қымбаттауы салдарынан кемінде он миллион ел азаматы шетелде жұмыс істеп жүр. Пессимистер мұндай адамдардың саны тіпті 15 миллионға жеткенін айтуда. Егер оптимистік есеп бойынша Украина халқы бүгінде 35 миллионға жетті деп алсақ, онда әрбір украин отбасының бір мүшесі шетелде нәпақа тауып жүр.

Бір қызығы, украин азаматтығын ресейлікке ауыстырғандар туралы Ресей мен Украинаның деректері екі түрлі. Ресей бес жыл ішінде украин азаматтарына бір миллионға жуық паспорт бергенін айтса, Украина осы уақыт ішінде небәрі бес жүз азамат Ресейге көшкенін мәлімдеді.

Украина дағдарысы ішкі ресурс арқылы оңай еңсерілетін шаруа емес болып отыр. Бүгінгі күні бұл мәселеге сырттан басқа тарап араласады деу де қиын. Украин қоғамы жік-жікке бөлінген болса да, елдің жарқын болашағынан үміт үзбегендер көп. Біреулер Батысқа үміт артса, біреулер Мәскеумен байланыс түзеледі деп сенеді, тағы біреулері басқа тарапты құтқарушы санап отыр.

Мемлекет осы тектес проблемаларға дайындықты алдын ала жоспарлауға тырысқанымен, нақты жағдайды және оның салдарын айқын болжау мүмкін емес. Сол себепті халық сананың азаюы, саяси және әкімшілік құрылымдар тиімділігінің бәсеңдеуі, қоғамдағы дағдарыс сынды қиындықтар әлі бірнеше жыл жалғасатын сияқты.

Әскери оқу-жаттығу - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2021
Әлем
Жағдай шиеленісіп барады: Ресей мен Украина қатынасы қалай өрбиді

Отыз жылға созылған дағдарыс сыртқы ықпалсыз шешімін таппайтын проблема. Бірақ мұндай араласуды барлық мүдделі мемлекеттермен келісілген және бірізді сипатта жүргізу керек. Ол үшін ұзаққа созылатын келіссөз қажет. Ал мұндай келіссөздер әлі басталмады да.

Қазіргі геосаяси ахуалды назарға алсақ, онда мұндай араласуды қажет ететін жағдай аяқ астынан туындауы мүмкін. Ал жағдай жедел дамып, алдын ала жасалған жоспарларға бағынбауы да ықтимал.

Бірақ мұндай қиын жағдайда нәтижеге жету үшін алдын ала стратегиялық мақсаттарды айқындап, оған кететін ресурс пен шығынды белгілеп алу қажет болады.

Жаңалықтар
0