МӘСКЕУ, 23 тамыз – Sputnik, Ростислав Ищенко. Зеленскийдің жаңа сын-тәуекелдерге төтеп беру үшін Украинаға көп уақыт пен көп қаражат керек екенін жеткізген мәлімдемесіне Меркель екіұдай жауап қатты. Ол Украинаға берілетін қаржылай көмек пен кез келген қолдау шамамен 2024 жылға дейін ғана созылуы мүмкін екенін де аңғартты.
Кремль тарапынан болатын әскери қауіпті атағанда, канцлер Минск келісімінің талаптарын сақтауға шақырды. Сондықтан Батыс қазір алып аумағы бар Украинаның емес, Молдавия мен Арменияның проблемаларына көп көңіл бөле бастады деуге негіз бар.
Осы тұста ХХ ғасырдың бірінші жартысында-ақ құрдымға кеткен украин ұлтшылдарының идеологиялық жоспары қолданылды. Ал бұл әсіреұлтшыл ұстанымдардың іске аспауына оның халықтың басым бөлігінің көзқарасы мен мүддесіне сәйкес келмеуі себепші болды.
1914-1918 жылдардағы австралиялық барлау қызметінің және 1933-1945 жылдардағы неміс рейхінің ұстанымдарын негіз етіп, украин саясаткерлерді "ұлт құруға" кірісті. Сонымен қатар мемлекет қалыптастыру процесіне кеңесші ретінде кезінде Канадаға кетіп қалған азаматтар тартылды. Ал бұл адамдар орыс тарихының бір бөлігі ретінде Украина тарихын жоққа шығарды.
90-шы жылдары, яғни орыс тілі "агрессор елдің тілі" ретінде танылмаған шақта орыс тілін қолдануды шектеуді жақтаған және украин тілін жалғыз мемлекеттік тіл ретінде қарастыруды қалаған азаматтар мемлекеттік деңгейде қолдау болмаса, украин тілі өліп қалады деп санады. Бұл рас еді. УКСР-де украин тілінің қолдану аясы расында да шектеулі болды. Халықтың басым бөлігі орыс тілінде сөйледі және орыс тілінде ойлады.
Сол себепті ұлтшылдар "Өзіңдегі орысшылдықты өшір!" деп ұрандатты. Олардың пікірінше, Украинада тұратын әрбір азамат "ішіндегі орысты тұншықтырмайынша" украин ұлтын құру мүмкін емес. Сондықтан бұдан Украинадағы басым халықтың бөлігі орыс екенін пайымдауға болады. Осыған қарамастан, билік этникалық украин мемлекетін құруды белсенді түрде қолға алды.
Сонда украин тіліне басымдық беріп, басқа тілді шеттетін саясат та қолданысқа енгізілмес еді. Сыртқы саясат бойынша Ресейді агрессор ретінде танитын бағыт-бағдарларды қабылдамас еді. Ел текетірес пен қақтығыстардан аман болып, өзінің бар күш-жігерін экономиканы дамытуға жұмсай алар еді.
Оның орнына мемлекеттік ресурстың негізгі бөлігі укранизацияға, орыстармен күреске және негізгі одақтасы – Ресейден алшақтауға бағытталды. Бұл бір есептен билікке олигархтардың ықпалын еселеуге алып келді.
Мұндай мемлекет халықтың басым бөлігінің ойынан шықпады, мүддесіне сәйкес келмеді. Тіпті елдің өз экономикасына да қолайлы болды деу қиын. Ресурстық азаның азаюы тұрлі топтар мен саясаткерлердің арасындағы жанжал мен қайшылыққа алып келді.
Бұл жанжал елдің де берекесін қашырды. Ішкі топтардың арасындағы текетірес ішкі саясатқа сыртқы күштердің тартылуына итермеледі. Ал бұл жағдай азаматтық соғысқа апаратын жол болатын.
Сондықтан бүгінгі күні Украинаның басты проблемасы укранизация идеологиясында жатыр деп айтуға болады. Бастыпқыда елеусіз болып көрінген күрделіліктер отыз жылдың ішінде "бүкіл ағзаны зақымдаған" ауру жасушаға айналды.
Сол себепті қазір бармақ тістеп, өткенге өкініш білдіру еш нәтиже бермейді. Қазір отыз жыл бойы қабылданып келген шешімдердің салдары қандай болатыны туралы бас қатырған абзал.
Автордың пікірі редакцияның ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін