Өңірлер

Шығыс Қазақстанда 15 рет жол ережесін бұзған жүргізуші көлігінен "айырылды"  

© SputnikВодительское удостоверение, архивное фото
Водительское удостоверение, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2021
Жазылу
Жүргізуші жалпы сомасы 100 мың теңгеден асатын 15 әкімшілік айыппұлды төлемеген болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері "Борышкер" жедел алдын алу іс-шарасы аясында айыппұл төлемей жүрген жүргізушілерді ұстады, деп хабарлайды Алтайньюс.

Тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2020
Қоғам
1,2 миллион теңге жалақы алатын алимент төлеуші пәтері мен көлігінен айырылды
"Ұсталғандардың бірі – Глубокое ауданының тұрғыны. Ол облыс орталығына келіп-кеткенде үнемі жол жүру ережесін бұзған. Бұл жүргізуші жалпы сомасы 100 мың теңгеден асатын 15 әкімшілік айыппұлды төлемеген болып шықты. Сондықтан оның көлігі қарызды толық өтегенге дейін арнайы тұраққа қойылды", – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Іс-шара жүргізілген үш күнде бюджетке 21 миллионнан астам теңге өндірілгенін айта кетейік. 216 автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Жаңалықтар
0