Саясат

Тоқаев ҰҚШҰ-дағы әріптестерімен Ауғанстандағы жағдайды талқылады

© REUTERS / SAEED ALI ACHAKZAIШекарадағы ауған босқындары
Шекарадағы ауған босқындары - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2021
Жазылу
Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы биыл 16 қыркүйекте Душанбе қаласында өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Сессия бейнебайланыс форматында өтті.

Мемлекет басшылары Ауғанстандағы жағдай және оның Ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне тигізер әсері туралы пікір алмасты. Сондай-ақ Орталық Азия аймағындағы сын-қатерлердің алдын алуға бағытталған іс-қимылдарды талқылады.

Қазақстан президенті өз сөзінде барлық сын-қатерді, соның ішінде терроризм мен экстремизмнің таралуы, қару-жарақ пен есірткінің заңсыз саудасының артуы, заңсыз көші-қон, босқындардың жаппай қозғалысы, аймаққа деструктивті элементтердің енуі секілді мәселелерді кешенді түрде қарастыру керек екеніне назар аударды. Осыған байланысты Тоқаев ұжымдық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға және Ұйымның шұғыл әрекет етуіне бағытталған бірқатар ұсыныс айтты.

Тағы оқыңыз: АҚШ пен Ұлыбритания Ауғанстандағы әскерін қашанға дейін шығаруы қажет

Мемлекет басшысы Ауғанстандағы гуманитарлық және азық-түлік дағдарысының алдын алу да аса маңызды екенін атап өтті.

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы биыл 16 қыркүйекте Душанбе қаласында өтеді.

Ауғанстандағы жағдай Талибан* қозғалысының өкілдері билікке келгеннен кейін шиеленісе түсті. Ауғанстан президенті Ашраф Гани елден кетті. 16 тамызға қараған түні Талибан* Ауғанстанда соғыс аяқталғанын, ал мемлекетті басқару формасы жақын арада айқындалатынын мәлімдеді.

*Талибан – Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.

Жаңалықтар
0